Реферат: Сынып жетекшісінің жұмыс істеу бағытының түрлері

Сынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты-мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге барынша ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.Сондықтан оның жұмысының мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Сынып жетекшісінің міндеті – сан алуан.Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекші жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.сыныптағы оқушылардың талап-тілектері мен мүдделеріне және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, оқушыларға міндеттейтін педагогикалық талаптардың бірлігін қамтамасыз ету.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз етү.
5.Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланыстыпедагогикалық оқу,насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағыттатәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8.Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.
9.Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретіеде қарастыру т.б.
Сынып жетекшісінің қызметі.Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда, өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметін 3 бағытта қарастыруға болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Баяндама: Жаңа заман талабы – Кембридж тәсілімен оқыту мен оқудағы өзгерісім туралы

Жылдар өте заман да, қоғам да, адам да өзгереді. Соған сәйкес ғылым да жаңа
жаңалықтарымен толығады. Бұл табиғи заңдылық. «Мен қалай өзгердім? Менің
оқушыларым қалай өзгерді?» - деген сауалдарға ой жүгіртсем, кешегі күндері осы
Кембридж бағдарламасына келген кезім еріксіз ойға оралады.
Үміт, қорқыныш, қызығушылық.....
Баяндамалар
Толық
0 0

Тіс пастасын қалай таңдаған дұрыс

Тіс пастасының бағасы қымбат болса, сапасы да мықты бола ма? Әлде дұрыс таңдау оған байланысты емес пе? Зиянды өнімді зиянсыздан қалай ажыратуға болады?

Осыдан бірнеше жыл бұрын қоғамда тіс пастасын штрих-кодтың түсіне қарап таңдаған дұрыс деген ақпарат пайда болған еді. Сосын оны базбіреулер жоққа шығарып, қатты сынға алған. Әрине, ешкім клиенттен айырылғысы келмейді. Бірақ клиенттің де шындықты білуге құқы бар екендігін ұмытпағаны абзал. Дүкенге барғанда пастаның қорабын ашып, пастаны шығарыңыз. Сөйтіп оның штрих-кодының түсіне мән беріңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Реферат: Тәрбиесі қиын балалармен жүргізілетін жұмыстың әдістемесі

"Қиын" оқушыларды тәрбиелеу және оқыту қазіргі таңда психологиялық-педагогикалық проблема ретінде күн тәртібінен түспей отырғаны мәлім Мұның өөі "қиын оқушылар" санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір уақыттарда "қиын оқушыларға" көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындар аз емес. Сондықтан "қиын оқушыларды" ерте жастан - бастауыш кезеңнен бастап қолға алып, олардың сапалы білім мен саналы тәрбие алуларына мүмкіндік жасалуы қажет. "Қиын оқушыларды" тәрбиелеу жүйесінде адамгершілік тәрбиесі аса маңызды орынға ие болады. Мораль нормаларына жауап беретін айналадағы болмысқа жеке адам көзқарастарының сан-салалығын ескере келгенде, адамгершілік тәрбиенің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі өте зор.
Қазіргі кезде бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін ең алдымен, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылып отырғаны белгілі.
Бұл мақсаттың нәтижелі жүзеге асуы үшін Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиенің мазмұнын жаңарту мәселесі алға қойылып, халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру көзделіп отыр. Мектептегі шәкірттеріміздің бойында халқымыз ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, имандылық, инабаттылық, мейірімділік, кішіпейілділік, ата-мекеніне, еліне деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеу заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан оқушылардың ішінде ерекше категория болып табылатын "қиын оқушыларға" адамгершілік тәрбие берудің формаларын, әдіс-тәсілдерін жетілдіру аса қажет, бұл міндетті жүзеге асырудың бастауыш буыннан басталатыны белгілі.
Құндылық проблемасы өмірдің өзінен алынған. Табиғат пен-қоғам құбылыстарына құндылық тұрғысынан қарау адам өмірінің негізі болып табылады. Құндылық қатынас адам мен қоғам өмірінде қажетті, жалпыға ортақ және мәңгілік фактор болып табылады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Сыбызғы сыры» ертегісі (4 сынып, II тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Сыбызғы сыры» ертегісі
Оқу мақсаттары: 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы тақырыбына сүйеніп мұғалім көмегімен сюжеттің дамуын болжайды, шығарманың композициялық құрылымын атай алады.
Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, себептерін мәтіннен келтіре алады, мұғалім көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады;
Кейбір оқушылар: шығармадағы шығарманың тақырыбына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжай алады, себептерін бағалай отырып түсіндіре алады, шығарманың композициялық құрылымын анықтай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Заттық іс әрекет түсінігі

Зерттеудің көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақсатан» атты Қазақсатан халқына жолдауында еліміз дамуының жаңа кезеңінің келесі он жылға арналған бағыт-бағдарын айқындап берген болатын. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен психология қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үздіксіз тәрбие негізінің бастау бұлағы мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Қазақсатан Республикасының 2010 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі мектепке дейінгі тәрбие және оқытуда баланың бойында оқу қызметін меңгеруге қажетті жеке қасиеттері тәрбиелеуге, яғни мектепалды дайындыққа ерекше көңіл бөліп отыр.
Зерттеудің мақсаты. Балабақшада балаларды затпен әрекет ету арқылы баланың сана-сезімін дамыту
Зерттеудің міндеті:
- Балалар бақшасында затпен әрекет етудің әдістері мен тәсілдерін қолдану
- Балалардың затпен әрекет ету арқылы сана-сезімін дамыту жолдары
- Мектепке дейінгі мекемеде балалардың затпен әрекет арқылы тіл байлығын жетілдірудің жолдары
Зерттеудің теориялық қолданымы.
Мектеп алды топтағы балалардың заттарды қабылдауы бойынша, олармен әрекет етуі арқылы сана-сезімінің дамуы, заттық әрекет туралы ұғым, сананың пайда болуы.
Зерттеудің практикалық қолданымы.
Баланың қабылдаудың жаңа іс-әрекеттерін игеруі заттық қимылды орындай отырып, көзбен байқап, бағдарлауға көшуінен көрінеді. Ол керек заттар мен оның бөлшектерін көзбен іріктеп, қажетті іс-әрекетті алдын – ала байқап қарамай-ақ бірден жүзеге асырады. Затты басқа нәрсемен салыстыра зерттеу неғұрлым жан-жақты болады, бала көзіне түскен әлдебір жеке белгілермен қанағаттанып қалмайды. Баланың қабылдаудың жаңа түрін игеру заттарды бұрын картиналарға, фотографияларға қарап, жеке белгілерін салыстыра тануы оның сана-сезімінің дамуына себеп болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық құқық | МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Кіріспе.
Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікпен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субьектілері мен объектілері меншік иелерінің өз құқықтарын түзеге отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. Кез-келген заң бұзушылық мінез-құлық қоршаған ортаға, қоғамға, белгілі бір мөлшерде қауіп әкеледі. Ал, қылмыс дегеніміз - қоғам үшін ерекше қауіпті құбылыс. Жасалған қылмыс үшін ең алдымен қылмыскердің құрбаны зардап шегеді. Қылмыс - қоғам үшін қауіпті заң бұзылушылықтың өрескел көрінісі, ол заң тиым салған, заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіз өрескел қылықтар. Қылмыс алуан түрлі болып келеді. Сондықтан саналы азаматтар құқық қорғау органдарына көмек көрсетіп отыруы тиіс. Егер ойлап қарасақ, мұның өзі - адал ниетті, заңды мүлтіксіз орындап жүрген адамдардың өздерін қорғауға қажетті іс. Меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үзіліс кезіндегі тәртіп ережелері (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақ тақырыбы: Үзіліс кезіндегі тәртіп ережелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.3.6.1* мұғалімнің қолдауымен тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер/калиграмма құрастыру/ хабарлама құрап жазу
2.1.2.2 мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау
Сабақ мақсаттары: Тірек сөздерді, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер,калиграмма құрастырады.Мәтіннің тақырыбы мен үзіндісіне сүйеніп, бастапқы бөліміне қарай отырып, оқиғаның соңын болжайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0