Шығарма: Қаһарман қыз - Хиуаз Доспанова

Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа көп таныс емес қазақтың батыр қыздарының бірі Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Ол 1922 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет.
Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Бірақ ол «жастарға қайда барса жол ашық» деген ұран жұрттың бәріне бірдей емес екенін болжай алмапты. Қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Бірақ налыса да жасымаған Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқуымен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады.
Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады. Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете қалады... Бойында патриоттық сезім шалқыған қыз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі «Метрострой» жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері

Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды.Бірақ ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қарсылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы апаларымыз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді....
Шығармалар
Толық
0 0

Тісті қорғау денсаулық кепілі

Қазақта «Тісімен тас шайнаған» деген сөз бар. Бұл тіске байланысты сөз емес екені бәрімізге аян. Сау денелі, қарулы азаматтарға қолданылатын сөз. Ал кейбір тайпалық елдерде адамның денсаулығын тістің бүтіндігімен өлшейтін ғұрып та бар. Тістің адам денсаулығына қаншалықты әсері бар екенін көріп отырған шығарсыз. Тістің денсаулыққа ғана емес, адам сымбаттылығына да үлкен әсер ететінін медицина ғалымдары дәлелдеп отыр. Тісіңіздің маржандай әппақ болуын қалайсыз ба? Ендеше, қарапайым әдістерге де сүйене біліңіз. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Тіл мүкістігі

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының, заңдылығын сонымен бірге үлкендердің осындай кемістікке душар болуын логопедия ғылымы зерттеуде.
Ғылым саласында көптеген тіл кемістігі адам өмьірінде маңызды орын алатын психологиялық мәселелер туындап отыр және осы мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда.
Сөйлеу процесі тек адам баласына ғана тән өте күрделі психикалық қабілет.Тілдің негізгі қызметіадамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе жайында пікір алу үшінқызмет етеді.Қоршаған орта туралы өз ойларын тіл арқылы жеткізеді.Тілдік түрлі құбылыстарды тіл ғылымының әр саласы қарастырады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы-лексикология саласында,тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің формалары морфология,сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады.Бала бұл тілідк салаларды міндетті түрде білу керек.Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизімінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.Тіл кемістігін логопедия пәні зерттейді. Логопедия-арнайы педагогика ғылымының бір саласы.Логопедия сөйлеу тілі кемістік-терін, оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,әр түрлі жолдар-мен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Логопедия ғылымын зерттеген ғалымдар А.Р.Лурия, Е.Н.Винарская, Р.Е.Левина т.б.Жалпы логопедия тіл кемістігін қарап,оны оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйесін ғылыми түрде қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған «Үш ірі елдің Қиыр Шығыс мәселесі туралы бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп, Сыртқы Моңғолияның дербестігіне айырбасталды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Әкеге арналған «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ақ киіктен жүйрік жоқ,
Әлемнен асқан жүйріктің
Аяғын басқан міні жоқ.
Жайнап бір жүрген жан әкем,
Ұзын судың бойында,
Киімі жатыр, өзі жоқ.
Бір ауыз айтқан сөзі жоқ.
Жапанда жортқан бір түлкі,
Желігіп шықты сонарға.
Қапияда тап келді,
Ұзын бір судың бойында,
Жақсының жанын аларға.
Алыстан қара көрінер,
Жүйрік бір жетер бүгіліп.
Тоқсан күн, үш ай дегенде,
Елі бір қара жиылып,
Қара бір судың бойында,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Массалар деффектісі. Байланыс энергиясы. (Физика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Әлемнің қазіргі заманғы бейнесі
Сабақ тақырыбы: Массалар деффектісі. Байланыс энергиясы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.6.1.9 –атом ядросының массалар деффектісін анықтау;
9.6.1.10 –атом ядросының байланыс энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану.
Сабақ мақсаттары: Массалар деффектісін анықтай білу.
Байланыс энергиясы түсінігін қалыптастыру, байланыс энергиясын анықтауға тапсырмалар орындау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Климаттық өзгеріс және жаһандық жылыну (7 сынып, I тоқсан, 3 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Жердегі климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Климаттық өзгеріс және жаһандық жылыну
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме)О5.Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқу
Сабақтың мақсаты: 7.О5. Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Аудандастыру әдісі (10 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Картография және геоинформатика
Сабақтың тақырыбы: Аудандастыру әдісі
Оқыту мақсаттары: 10.1.1.5 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Цифрлық автоматикалық вентиляция жүйесін өндірістік орындарына әзірлеу

Кіріспе
Әр жыл сайын көптеген жаңа техногиялар біздің өміріміздің көптеген
салаларына енгізіліп келеді жай қарапайым демалыстан бастап үй шаруаларына дейін.
Бұрынғы заманнан бас адам өз өмір тіршілігін жақсартып, барын ша
жеңілдетіп , аз шығынды кетіруге тырысып келеді. Бұл қазіргі заманда
энергетикалық және азықтық кризис кезінде ерекше байқалып келеді. Мына
қазіргі заманда техникалық даму процессі біздерге барлық қойылған мақсатқа
жетуге мүмкіндік беріп отыр.
ХХ ғысыр соңында мұндай шараларды қолдану « Ақылды үй » атауымен аталып кеткен.
«Ақылды үй» бастапқы мағынада «өзгерістерге дайын үй» немесе
«бейімделуші ғимарат», инженерлік жүйесі болашақ өзгерістерге дайын
ғимараттық проэкт ретінде қарастырылды.
Ғимаратттың барлық жүйелері бір – бірімен қарым қатынаста болып аз
шығынды қамтамасыз ететін, ал оны өндеу өзгертубарынша оптимальды
болатындай етіп проэктіленген болатын.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0