Өмірбаян: Диас Тастанбеков

Диас Тастанбеков - ғылыми қызметкер

«Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтаған соң бір жылдан кейін Диас Назарбаев Университет – Nazarbayev University Research and Innovation System (NURIS) зерттеу орталығына кіші ғылыми қызметкер болып орналасты, бұнда күн қуатымен жүретін батареяға арналған полимердің медициналық табиғи жолмен ыдырайтын және жартылай өткізгіш деген екі түрімен айналысты.
4 жылдан соң ол NURIS-ден кетіп бір жылдан соң ҚБТУ-де «Альтернативтік полимер материалдары» жекеменшік зертханасының меңгерушісі болады, ҚБТУ мен ҚазҰТУ (Политех) біріктірілгеннен кейін зертхана жаңадан құрылған университет – ҚазҰЗТУ-ге көшеді, ол осы жерде бүгінге дейін жұмыс істейді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Қазақтың қос қарлығашы – ұлтымыздың мақтанышы

Мүгедек емес олар! Жаралылар Жеңістің қолдарында жалауы бар. ...Парадтан барады өтіп жаралылар. Ей, Адам, Басыңды и де, қарауыңа ал! М. Мақатаев
Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі де үлгі тұтар дара тұлғалар болады. Олар арқылы бүкіл әлемге танылып, олармен мақтана алады. Олардың аты барда халқы әрдайым басын тікке, көкке көтереді... Олардың есімімен, рухымен, аруағымен туған халқы талай асу, талай белестерден өтпек... Қазақта да осындай мақтан тұтуға тұрарлық азаматтары бар. Бұл қырандар өз артына мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Адамгершілікке сапар шегу үшін ең ізгі жолды таңдап, салып берді. Енді, сол ізгі жолды екі айыр жолдан ажырата білу - біздің міндеткерлік. Сондай бір ерекше өшпес тұлғалардың бірі – Әлия мен Мәншүк... Қазақтың қос қарлығашы...
Қос қарлығаштың есімізде есімі әрқашан да сақтаулы. Ал, олардың бар жасаған ерліктері тарих парақтарында мәңгі қалады. Таста қашалған ОрхонЕнисей жазбаларындай... ...Мәншүктің елі үшін жасаған бар іс-әрекеті мені таң қалдырады. Артық демі қалғанша жалғыз бір өзі болса да, ештеңеден тайынбай, қорықпай қаншама жауға төтеп берді, қарсыластық көрсетті. Қобда, Нева суларын сүйіп өскен даламыздың еркелеген құсы – Әлия да асқан ерлік көрсетті. «Он тоғыз жасар жас қыз оқып жүргенінде оқуынан сұранып, қан сасыған майданға бет алды» деген сөздерді кішкентайымда әкемнен естіген едім. Қазақ халқының қос қарлығашы Азияның ғана емес, әлем мақтанышына айналды. Қаршадай қыздар Отан үшін қасық қандары қалғанша шайқасты. Кішкентайымнан «халық жауының» қызы боп қорлық көрген Әлия, әкесінің жау еместігін дәлелдеймін деген сөзінде тұрды. Оның шын аты-жөні Лая Нұрмағамбетова еді. Әкесі «халық жауы» атанып репрессияға ұшыраған деседі. Кейін нағашы ағасының қолында өскен Әлия, әкеге жазылған қара күйені жоюдың бірден-бір жолы деп осындай әрекетке барады. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Бөпем (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай, Бөпем, әсем басып, ахау, бұлаңдаған,
Аққудай көлде жүзіп, ай, сылаңдаған.
Көлбеңдеп көз алдыма, ахау, әй-әй, Бөпем,
Келбетің сәуле шашып, тұрау маған.

А-хоу,
Бөпем, Бөпем,
Жаным еркем,
Жан сәулем,
Дидарыңды-ай
Көрер ме екем-ай?.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн

«Тәуелсіздік», «егемендік», «бостандық» деген сөздердің құдіреті мен қасиетін басында еркіндігі жоқ халық жақсы сезінеді. Негізі біз, қазақ, далада еркін жүрген, азат қалыпқа бейімделген халықпыз ғой. Сол себепті біреуге тәуелді болғымыз келмейді. Дегенмен тарих бар, соғыс бар, шапқыншылық бар, жеңіс бар...
Біздің халқымыз да қаншама нәубат, шапқыншылықты басынан өткізді. Ата-бабаларымыз бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Міне, тәуелсіздік оңай сыйға беріле салған нәрсе емес екен. Қаншама қантөгіс, қаншама адам өмірі қиылып келген дүние екен. Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл тәуелсіздіктің қалай келгенін өте жақсы білемін. Ал қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Еліміздің Тәуелсіздігі - ең алдымен еліміздың бақыты. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 25 жыл толды. Мен Қазақстанды 25 жастағы азаматқа ұқсатамын. «Жиырма бес» деген нағыз күш-қайратқа толған жас, оңды-солды танып, ерінбей әрекет ететін кезең. Жиырма бестегі азамат алдынан кездескен қаншама қиыншылықтарды, бірталай сынақтарды тау қопарғандай қопарып тастайды емес пе?! Міне, Қазақстан да жиырма бестегі азамат сияқты алдынан кездесетін талай-талай тосқауылдарды қопарып тастайтыны анық, алда қаншама жетістіктерге қол жеткізетіні де анық. Дегенмен қаз тұрып қадам басқан Тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, ұлан-асыр даму көшінің алдына шықты. Алпауыт елдер қатарындағы АЛЫП мемлекет екендігін әлем жұртшылығына мойындатты......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Өткенін білмеген ұрпақтың келешегі болмайды

Еліміздің өткеніне көз салсам, әрине, жүрегім қынжылады. Сонау қиын шақтарды басынан өткізген халқымыз тәуелсіздік үшін қасықтай қаны қалғанша күрескен, жастайынан өмірі қиылған жастарымыз есіме түседі. Бүгінде Қазақ елі егеменді ел болды. Бодандықтан босану мен Тәуелсіздік біздің елге оңай келген жоқ. Осы жолда халқымыз өзінің батырлығы мен қайсарлығын, батылдығы мен ержүректілігін көрсетті. Елі, жері, тәуелсіздігі үшін жандарын ғана емес, абыройы мен жанұясын да, сүйікті жары мен бауыр еті балаларын да, өмір сыйлаған ата-аналарын да құрбан етті.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ беретін ұстазымыз: «Сендер бақыттысыңдар. Біз кезінде қазақтың болашағы мен еркіндігі үшін күресіп, қиянаттың құрбаны болған Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сынды Алаш арыстарының туындыларын оқыған жоқпыз. Қазақтың бетке ұстар азаматтарының тамаша-тамаша шығармаларын бізден жасырып, оларды ұлтшылдар деп қаралап келген еді. Сонда біз көп нәрседен мақрұм болғанымызды кеш түсіндік. Ал сендер осы аталарыңның өлеңдерімен ұлғайып, әңгімелерімен сусындап жүрсіңдер»,-деген сөзі бізді ерте есейтіп жібергендей болды.
Иә, біз осы аталарымыздың ерлігі мен еңбегінің құдіретін сезініп келе жатқанымызға қуаныштымыз. Іргесі сөгілмейтіндей етіп 15 республикадан құралған КСРО мемлекетінің ыдырауына Қазақстанда 1986 жылы желтоқсан айында болған жастардың көтерілісінің әсер еткені ме деген ойға барамын. 70 жылдай өз айтқанын істетіп, өз дегенімен жүргізген кеңес өкіметіне деген қарсылықты қазақ жастары жүрегінің қалауымен, қайсарлықтың рухымен көрсете білді. Себебі, өз ұлтын құрметтейтін, өз елін сүйетін жандар ғана мұндай ерлік жасай алатын еді. Өкініштісі, олардың ерлігі сол кезде қолдау таппай, талай жас оқу орнынан шығарылып, талай қыршын құрбандыққа шалынды. Олар сол кезде өлім үшін емес, өмір үшін күресіп, қазіргі әнұранымызға айналған әнді бірлесе жүріп орындаған екен. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 2- сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам
Сабақ тақырыбы: «Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? 2- сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау;
6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату
Сабақ мақсаттары: Ортағасырлық еуропалық қоғамға «Қара індеттің» тигізген әсерін, Англиямен Франциядағы шаруалар көтерілісінің себептері мен салдарларын анықтау.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Крест жорықтары
Сабақ тақырыбы: Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.6 – картада оқиғаларды даму динамикасында белгілей отырып, 1-4 жорықтар мысалында крест жорықтарының себеп-салдарларын анықтау
6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Шығыс және Батыс елдеріне арналған крест жорықтарының салдарын зерттеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуы (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші ретті жыныстық белгілердің дамуы
Оқыту мақсаттары: 9.2.1.3 - жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау
Сабақ мақсаттары: • жыныстық жетілу кезеңдерін біледі
• екінші ретті жыныстық белгілердің дамуын сипаттай алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Программаны тестілеу 4-сабақ (Информатика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Программаларды әзірлеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Программаны тестілеу 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 өңдеудің кіріктірілген ортасында есептердің моделін құру
8.3.3.2 программаны өңдеудің кіріктірілген ортасының компоненттерін білу және қолдану
Сабақ мақсаты: тестілік мәліметтерді анықтау
программа нәтижесін әртүрлі тестілік мәліметтермен сынақтан өткізу
«программаны ретке келтіру» процесін сипаттау
трассировка кестесін толтыру....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Центрлік және іштей сызылған бұрыштар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Шеңбермен байланысты бұрыштар
Сабақ тақырыбы: Центрлік және іштей сызылған бұрыштар 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): шеңбермен байланысты бұрыштарды (хорда мен жанама арасындағы, екі хорда арасындағы, екі қиюшы арасындағы) таба алады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0