Шығарма: Ұстаз

Ұстаз деген ұлы есімді барша адамзат баласы құрметтеуі қажет. Мен ұстазым - Керимова Нұргүл апайды жақсы көремін. Ол бізге тек сабақ......
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Пеш көсесі

Бұрынғы заманда бір кедей адам өмір сүрген екен дейді. Мал дегеннен ешбір малы болмай, үйінде тек сары мысығы болған екен. Кедейдің жалғыз ұл баласы болған екен дейді.
Кедейдің баласының бір мінезі: далаға шықпай, пеш түбінде сары мысығы екеуі отырады екен дейді.
Күндерде бір күн баланың әкесі, шешесі дүниеден өтіпті. Баланың жасы да он бес-он алтыға келіп қалыпты. Оны көршілер пештің түбінен шықпаған соң «Пеш көсесі» деп атайды. Бала пештің түбінен шықпапты, бірақ сары мысығы өте пысық әрі күшті болып, баланы асырапты. Демек, түрлі аңдарды ұстап әкеліп тұрыпты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Ақыл ой тәрбиесінің негіздері

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәрбие процесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл, әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық өрлеу кезеңінде айқын басымдылыққа ие.
Қазіргі мектепте тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқықтық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.
Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудіңде қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесін ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.
Тәрбие – қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш – жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Психология | Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi

КIРIСПЕ
Зерттеудiң көкейкестiлiгi: Елiмiздiң құқықтық-демократиялық қоғам жағдайында дамуы бүгiнгi әрбiр азаматтың және өскелең ұрпақтың жоғары мәдениет пен бiлiктiлiгiнiң жоғары болуын керек етедi. Осыған байланысты қоғамның адам тәрбиесiне қояр талабы да барған сайын артып, оны iске асырудың көзi болып табылатын психикалық нышандар мен оны дамытудың шарттарына деген көзқарас өзгерiп келедi. Соған сай бүгiнде бiлiм беру ұғымының өзi өзгеруде және кеңеюде. Бiлiм беру барған сайын көп ретте мектепте, жоғары оқу орнында, тiптi отбасында бiлiм берудiң педагогикалық-психологиялық негiздерiн меңгерудiң мазмұны мен мәнi кеңейе түсуде.
Бүгiнде жаңа Қазақстан қоғамы жағдайында жеке тұлғаны функционалдық әзiрлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшу жүрiп жатыр. Жаңа тұжырымдама бiлiм берудiң даралық сипатын көздейдi, ол әрбiр нақты адамның мүмкiндiктерiн және өзiн-өзi iске асыру мен өзiн-өзi дамытуға қабiлеттiлiгiн ескеруге мүмкiндiк бередi.
Осы тұста елбасы Н.Ә.Назарбаев өзiнiң "Инновациялар мен оқу-бiлiмдi жетiлдiру арқылы бiлiм экономикасына" деген студент жастарға арнап оқыған лекциясында "Бүгiнгi күн - талантты, жiгерлi, өзiне сенетiн адамдардың, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерiк - жiгерi бар адамдардың уақыты", - деп атап көрсеткен болатын [1]. Мұның өзi өскелең ұрпақты жаңа технологиялар негiзiнде бiлiмдi де жоғары мәдениеттi азамат етiп тәрбиелей отырып, олардың жеке басының тұлғалық қалыптасуына аса үлкен мән берудi көздейдi. Мұның өзi оқу-тәрбие үрдiсiнде жасөспiрiмдi оның жас ерекшелiктерiне сай жетiлген азамат етiп тәрбиелеудi көздейдi.
Қазақстанда ұрпақ тәрбиесiн оның жас ерекшелiктерiне сай дамытуға көңiл бөлiп, осы мәселе төңiрегiнде еңбектенiп жүрген психолог ғалымдар Жарықбаев Қ.Б., Намазбаева Ж., Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ., Елеусизова С., Елiкбаев Н. және т.б.[2,3,4,6,5,6].
Қоғамның талабы бүгiнгi жастардың тәрбиесiнiң үйлесiмдiлiгiн барған сайын қатаң талап етiп келедi. Әсiресе, бұл тұста жеткiншек жастағы балалардың тәрбиесi аса үлкен мұқияттылықты талап етедi. Бұл кезеңде бала азамат болып қалыптасудың өтпелi шағында болғандықтан оның кейбiр қиыншылықтары мен қалыптасу ерекшелiктерiн педагогикалық-психологиялық тұрғыдан ашып, талдау жасауды қажет деп таптық. Сондықтан бiз диплом жұмысының тақырыбын "Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiнiң кейбiр мәселелерi" деп алдық.
Зерттеудiң мақсаты: Жеткiншектердiң даму ерекшелiктерiн айқындау, оларға теориялық талдау жасау.
Зерттеудiң обьектiсi: Жеткiншектiк кезеңдегi оқушылардың iс-әрекетiнiң психологиялық-педагогикалық сипатты.
Зерттеу пәнi: Жеткiншектердiң жас ерекшелiктерiне байланысты даму процесi.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өмірлік мәні бар кеңестер

1. Егер адам сізге жақындағысы келмесе, оны жайына қалдырғаныңыз дұрыс.

Антон Чехов

⭐ 2. Өткен шақ қайтып келмейді, өзіңізді осы шақтан тауып, болашаққа нық қадам басыңыз.

Михаил Булгагов

⭐ 3. Мен әрдайым өзімді бақытты сезінемін. Неге екенін білесіздер ме? Себебі ешкімнен ештеңе күтпеймін. Өмір өте қысқа. Сондықтан өз өміріңізді сүйіңіз.

Уильям Шекспир......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Жолдық қатарлы идентификатор

Кіріспе
Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth ұсынған.Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атап , тіл атауын үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.Кейінен тілдің көптеген нұсқалары жарық көреді.Turbo Pascal – Оның тұңғыш нұсқасын жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі . 1970 жылы швейцрия физигі Niklaus Wirth ұсынған . тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне автор деп паскаліия ғалымы Никлаус Вирт жасаған Паскаль программалау тілінен тарайды. Қарапайым Паскальді өңдеудегі А. Хейлсбергтің еңбегінің нәтижесінде Turbo Pascal қазіргі заман талабына сай, қуатты программалау жүйесіне айналды. Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның логикалық құрылымы әр түрлі есептерді дәл шешуге көмегін тигізеді. Бейсик тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Тіл ұлттың рухы, баға жетпес байлығы

Туған тіліміз бен әдебиетіміз тарихи болмысымыздағы баға жетпес байлығымыз, рухани кеніміздің нәр алар бастау болып саналады. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту»-деп Бауыржан Момышұлы тегін айтпаған.
Ғұмырымыздың тірегі, санамыздың жүрегі болар тынысы деуге де болады. Себебі әдет-ғұрымыз, салт-санамыздың барлығы туған тіліміздің көкжиегі арқылы шынайы өмірдің шындығына айналған. Біз қазақ болып туылған, мынау топырақтың киесі мен иесі, қанымыз бен жанымыздың, сөйлеу тіліміз бен діліміздің өшіп қалмауына жол бермейді. Мұнда жаратылысымыздың маңдайға берген несібелі ырыздығы,......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Құстар біздің досымыз

І - жүргізуші:
Табиғат қандай сұлу, қандай көркем,
Мамырда жасанады гүлдеп ертең
Сылдырлап бұлақ ағып сай - саладан,
Ағаштар жапырақ жайып, қыр көгерген.
Табиғат - халық қазынасы. Адамның бар тіршілігі табиғатқа байланысты, күш - қуатты бар игілік пен жақсылықты ол табиғаттан алады.....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жасуша ядросы

Ядро. Ядро-өсімдіктер мен жануарлар жасушасының тұрақты бөлігі. Ядросы толық жетілген организмдерді эукариоттар, ал ядросы жетілмеген организмдерді прокариоттар деп атайды. Грекше “карион” ядро деген мағынаны білдіреді.
Ядроның құрылысы күрделі. Оның қатысуымен жасушада өте маңызды тіршілік процестері жүзеге асырылады. Ядроның сыртын әрқайсысы үш қабаттан тұратын екі мембрана қоршайды (45-сурет).
Ядро мембранасы құрылсы жөнінен цитоплазма мембранасына ұқсас және ол эндоплазмалық тормен тікелей байланысады (46-сурет). Жасушаның бөлінуі кезінде ядроның мембранасы жойылып кетеді де пайда болған жас жасушаларда қайтадан қалпына келеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0