Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ жазуының тарихы

КIРIСПЕ
Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатарына жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігi. Адамзат мәдениетiнің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу типiнің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тiлдің жоғары даму сатысына жеткенiнен хабар бередi. Жазу кеңістiгi ұлғайғаны соншалық оны жазу және мәдениет, жазу - өркениет, жазу - қоғам, жазу мен ойлау, жазу мен тiл, жазу және коммуникация сияқты iргелi ұғымдар оппозициясында қарауға болады. өйткені дыбыстық жазу адамның эмоциялық, экспрессивтiк сезiмдерiн таңбалаудан гөрi, ақпарат тарату, сақтау қажеттiлiгi туғанда мемлекеттің пайда болуымен қатар шықты. Сондықтан бүгінгi таңда ұлттың мәдени-әлеуметтiк, экономикалық дамуы жазудың тұрақтылығына, жетiлуiне қатысты болады.
Жазба мәдениетi дамыған ареалдардың жазу тарихында үш кезең болды: 1) әркім өз қалауынша жазған шығармашылық кезең; 2) жазба коммуникацияның ұлғаюымен байланысты жазу узусы болған кезең; 3) жазу нормасы, орфографиясы пайда болған кезең [1, 30 б.]. Сонда ХХ ғ. жазу нормаларын қалыптастыру, негiздеу дәуірi болса, ХХI ғ. жазудың таңбалық, код болу сипаты күшейетiн, әлеуметтік коммуникацияны өзгертiп, қайта құратын, ауызша тiлдi (ары қарай АТ) игеретiн кезеңi болады.
Зерттеу жұмысында қазақ жазуының тарихи даму кезеңдерiн саралау, қазақ жазуының қай кезеңнен басталғанын, қазақ жазуы тарихында қандай жазу түрлері пайдаланылғанын анықтау мақсат етіліп отыр.
Жалпы тiл бiлiмiнде жазуды зерттейтiн грамматология, графемика (графема мен дыбыс, әріп қатынасы), графикалық лингвистика салалары айқындалғанмен, бұл бағыттағы зерттеулер тапшы болып отыр.
Ал қазақ тiл бiлiмiнде жазу нормативтi сипатта орфография ережелерi, анықтағыштар, емле сөздiктерi, оларға берiлген түсiндiрмелер негiзiнде сөз болып келдi. Жазу ұғымы орфография ұғымына парапарланып, жазудың нормалылығы, оның кодификациялануы туралы жиi айтылды. Мысалы, Г.Жеркешова, Ғ.Ермековтердің бiрiккен сөз тақырыбындағы еңбектерi лексикология, семасиология тұрғысынан жазылды [2].
Қазiргi қазақ жазуының әліпбиi мен орфографиясының фонологиялық негiздерiн iздеген алғашқы грамматологиялық зерттеу Н.Уәлиұлының еңбегiнен басталады [3]. Н.Уәлиұлының бұл бастамасы бiрге, бөлек жазылатын сөздердің орфограммасын кодификациялаудың негiздерiн және араб жазулы қазақ жазбаларының графикалық-орфографиялық ерекшелiктерiн анықтаған шәкiрттерiнің диссертациялық зерттеулерiнде жалғасын тапты.
Ал қазақ жазуы теориясын оның даму кезеңдерi мен тарихы негiзiнде тұжырымдау кажеттiлiгi алғаш Н.Уәлиұлының мақаласында сөз болды [4]. Осыған байланысты қазақ жазуының көне түркі руникасынан берi қарайғы онтогенездiк дамуын көрсету, жазу теориясына қатысты ұғымдарды саралау, жүйелеу қажеттiлiгi, қазақ жазба мәдениетiнде қолданылған әліпби түрлерінің сипатын айқындау тақырыптың өзектiлiгiн танытады.
Жазу туралы түсiнiктiң қарапайым фабуласы — адамдардың қашықтықта тұрып, қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Өйткенi жазу қоғамдық қажеттiлiктен туындады. Адамдар арасындағы күрделi қоғамдық қатынастың дамып жетiлуiн ауызша сөйлеу тiлi қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бiр құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа қарыздар.
Ауызша сөйлеудiң екi кемшiлiгi болды: таралу кеңiстiгiнiң шектеулiлiгi және уақыт жағынан шектеулiлiгi. Адамдардың қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтiк қатынасында жоғарыдағы олқылықтарды толтыру үшiн пайда болған жазудың қызметі өте зор.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биотехнология | Нан ашытқылары

1.1 Аналитикалық шолу

1.1.1 Қазақстанның нан пісіру өндірісі және оның даму жетістіктері

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы бойынша Қазақстанның БСҰ-ға кіруінің барысында үкімет аграрлық секторды қолдаудың лайықты деңгейін сақтап қалуы және өнеркәсіп орындарын БСҰ жағдайында тиімді жұмыс істеуге дайындау жөніндегі жүйелі бейімдеу шараларын іске асыру керек. Сондықтан да биотехнология бағыттарын дамыту керек.Ашыту өндірісінде престелген және құрғатылған ашытқы өндіріледі. Негізінен олар нан пісіру үшін қамыр ашытуда, кондитер және консерві өндірісінде қолданылады. Одан басқа оларды шикізат ретінде витамин өндірісінде D және B2 витаминдерін алуда, медицинада-бір қатар емдік препараттарды, нуклеин қышқылдарын және түрлі ферменттерді алуда, микробиологияда-қоректік орталарды дайындау үшін қолданылады. Бүгінде алдына қойылған маңызды мақсаты болып: ауыл шаруашылығының өсімдік культурасын және жануарлардың өнімділігін жоғарылатуға, ауыл шаруашылық культураларының жаңа түрін құру, қоршаған ортаны қорғауға және минералды ресурсты алуда, энергияның пайда болуына жаңа экологиялық таза процестерді құруға қалдықтарды тұтыну болып саналады.Кез келген биотехнологиялық процестердің маңызды мақсаты болып технологияны және оның аппаратураларын ғылыми негізде оптимизациялау және өңдеу болып саналады
Ашытқы заводтары жеке кәсіпорын ретінде өткен ғасырдың ортасында пайда болған. Ашытқы өндірісінде негізгі шикізат ретінде ашытқы ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақ мәдениетінің жаһандану кеңістігіндегі инновациялық үдерістері

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда жаһандану - қоғам дамуының заңдылықтарын өзгертіп, әлеуметтік және халықаралық қатынастарды жаңа сапаға өткізетін саяси-әлеуметтік, экономикалық құбылыс болса, екінші жағынан әрбір ұлттық мемлекеттің рухани мәдениетіне ықпал ететін, әлсіз мәдениеттердің үстем мәдениеттердің ықпалында қалып қоятын процесс деп атауымызға болады. Жаһандану мәселесіне байланысты қоғамда белгілі дәрежеде әр мемлекеттің өз зерттеу бағыттары мен бағдарламасы болмаса, онда сол мемлекеттің жаһандық әлемдегі орны да белгісіз, және сол үдеріске сіңісіп, өз құндылықтарын жоюуы бек мүмкін. Сондықтан да әрбір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқан мемлекет осы жаһандық ақпараттық – мәдени қысымға барлық жағынан сақадай сай болуы тиіс, әрине бұл жерде әр мемлекет сақадай сай болуы үшін, бұл үдерісті жан – жақты терең зерттеу елегінен өткізудің маңызы зор.
Таңдалынып алынған бітіру жұмысының тақырыбының өзектілігі бірнеше рухани-әлеуметтік, саяси-бағдарлық және дүниетанымдық факторлармен анықталады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлттық батырлар ерлігі

Адамдар тау сияқты: олардың да асқары мен аласасы, үлкені мен кішісі бар. Таулар адамдар тәрізді: олардың да өз тағдыры мен тарихы бар. Жайбарақат мүлгіген жай таулар мен жалын атқан жанартаулардың айырмашылығы: жанартаулардың жалын атуына Жер-Ананың қозғалысы әсер етсе, адам баласының адамзат бақыты үшін от болып жанып, найзағайдай жарқылдауына, қиын да қасиетті жолға түсуіне, Азамат атын биік ұстап өтуіне Ұлы Отан соғысының рухы ықпал еткені тарих беттерінен аян. Бұл – бүкіл әлемге өзіндік ауыр қасіретімен ізін қалдырған тарихтың ұлы сабағы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қыс

Қыс мезгілі маған өте қатты ұнайды. Қыста біз достарымызбен қар атысып ойнаймыз. Қыста мен жақсы көретін мереке болады. Ол жаңа жыл. Мектепте......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Көршиқан карбункул

Көршиқан , карбункул (лат. carbunculus – шоқ) – түк қаптары, май бездері және оған жақын жатқан тері және тері асты жасушаларының іріңдеп қабынуы. К. май және тері бездерінің өзегіне, сондай-ақ жарақаттанған теріге (немесе шиқанды қысып өзегін шығарғанда) микробтың енуі салдарынан пайда болады. К-ның пайда болуына терінің немесе онымен жанасатын іш киімнің таза болмауы, хим. заттардың әсері, қажалу, қышыған теріні қасу, жеңіл жарақаттар, зат алмасуының бұзылуы әсер етеді. Сонымен қатар К. пайда болуына кейбір аурулар (мыс. қант диабеті) өте қолайлы жағдай туғызады. К. – ауыр өтетін ауру түріне жатады, ол, көбінесе, егде жастағы адамдарда кездеседі. К. мойынның артқы бөлігіне, арқаға, бетке жиі шығады. Бетте пайда болған К. өте қауіпті, өйткені іріңді қабыну өршіген жағдайда, оның бас сүйек арқылы миға таралып, адам өміріне қауіп төндіруі (іріңді менингитке әкелуі) мүмкін. К. дамуының алғашқы сатысында қабыну аумағы қызарып, тері қатайып, ісінеді (қабыну ісігі, инфильтрат). Аурудың дене қызуы көтеріліп, ұйқысы қашады. Ісік үлкейгенде (7 – 9 тәулік аралығында) іріңдеу сатысына ауысады .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Ағаш бұйымдарын жасау технологиясы және окыту әдістемесі

Қазіргі кезде елімізде ұлттық құндылардың қайта өркендеуіне жол ашылды. Оған, Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді… Қазақстанда ұлттық өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», -деген сөзі осының айғағы.
Бұл мәселе: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында- «Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» – деп көрсетілсе, Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында – орта білім берудің негізгі мақсаты мен міндеті – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, оқушыларды азаматтыққа, елжандылыққа, өз отанын сүюге тәрбиелеу және білім алушылардың еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіптік дағдылар алуына жағдайлар жасау және осы қойылған міндеттерді іске асыру үшін білім берудің мазмұнын, дүниені тұтастай қабылдауды, қамтамасыз ететін өнер, еңбекке баулу сияқты білім беру салалары арқылы жүзеге асыру қажет деп анық айтылған[1,2].
Ұлт мәдениетінің оның қолданбалы өнері арқылы жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері туралы ой- пікірлердің қалыптасуында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, т. б. шығармалары мен халықтық педагогиканың ұлттық тәрбие мәселесінде алатын орнын зерттеуде А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, т. б. еңбектерінің қосқан үлесі зор. Олар өз еңбектерінде жас ұрпақтардың тәрбиесінің өзекті мәселелеріне байланысты өте құнды пікірлер айтқан. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Информатика | Информатиканың териялық негіздері» оқулығының электрондық нұсқасы

КІРІСПЕ
2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу құқығын әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсетті. Біз электрондық үкіметпен бірге ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді пайдаланамыз.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмайды, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Жоғарғы оқу орны секілді мектептердің де оқыту жоспарын басқару жүйесі қатқыл, динамикалық жүйе болу керек. Яғни, бұл жүйеде көзделген жоспарларды тиімді қарастыру керек, барлық өзгерістер мен жаңа тенденцияны оперативті түрде ескеру қажет. Әр Жоғарғы оқу орны мен қатар мектептердің білім беру саласын басқару үшін үлкен мүмкіндіктері байланыс құралы мен есептеу техникасын қолдану қажетті дүние болып табылады. Заманауи кезде Жоғарғы оқу орнын басқаруда автоматтандырылған жүйенің енуі және белгілі бір өңдеу тәжірибесі жинақталған.
Ұйымдастырылған жүйеде қиынырақ жұмыс болып ақпаратты өңдеумен байланысқан процестер жатады. Ол ақпараттарға – жинау, қайта өңдеу, бейнелеу, сақтау, жіберу, тасымалдау және шығару жатады. Осы процестерді тездету және мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер көмектеседі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақтың ұлттық ойыны және дене тәрбиесі

1. Ұлттық ойындардың тарихы мен сипаттамасы
1.1. Ұлттық ойындардың тарихи мағлұматтары мен мазмұны
Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспанды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау - ғылым жетістіктерін игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер тутызады.Дәл осындай жағдай қазақтың ұлттық ойындарының даму тарихына да кятынасы болса керек.Халықтың ұлттық және спорггыкой-ыңдарының да өзіндік тарихи даму жолдары, қалыптастыру кезеңдері, тәрбиелік маңызы - халыктың саяси әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі болады. Қазіргі кездегі тарих гылымдарының дәлелдеуі бойынша күні бүтінге дейін бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау адамзат баласынын жаратылған күнінен, демек қазақстан жерінде қалыптасқан алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойнап журген ұлт ойындарынын ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық, садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын ойналғандығы жайында деректер бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0