Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
жануарлар мен өсімдіктердің ортақ белгілерін анықтайды;
жануар мен өсімдіктің өзара тәуелділігін түсінеді.
Ұйымдастыру.
«Артығын тап».
Әр қатарда берілген сөздердің артығын тауып, дәлелдеу.
• Қыран, шортан, сілеусін, көктерек.
• Шырша, елік, түймедақ, итмұрын.
Әр қатардағы «артық» сөздердің арасындағы байланысты табу.
Байланыс сөзін қатыстырып сабақ тақырыбын анықтауға жағдай жасау.
Топтық жұмыс. «Ұқсастығын тап»
Қима сөздер мен сөз тіркестерін беру. Оқушылар олардың ішінен өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастығын анықтайтын сөздерді теріп жинақтайды. Сәйкес емес ақпаратты бөлек қояды.
Өсімдіктер мен жануарлар
Өлі табиғат Өмірге келеді Секіреді
Қоректенеді Өледі Тыныс алады
Тірі табиғат Қозғалады Көбейеді
Өседі Жүреді
Жауабы: Өсімдіктер мен жануарлар тірі табиғат, өмірге келеді, қоректенеді, тыныс алады, өседі және өледі.
1. Тірі ағзалар арасындағы байланыс
Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысын түсіндіру үшін Эврика мен Негеш дайындаған екі суретті топта сипаттау. Сұрақтарға жауап беру.
- Бірінші суреттегі өсімдік жайлы не айтуға болады?
- Өсімдік энергияны қайдан алады?
- Бірінші суреттен қандай үдерісті байқадың?
- Екінші суреттен не байқадың?
- Қандай үдеріс бейнеленген?
- Жануарлар қорегін қайдан алады?
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
2. Өмір үшін маңызды
Маңызды үдеріс тыныс алу туралы сұрақтарға оқушылар жауабын тыңдау.
- Екі суретке не ортақ?
- Суреттерден қандай өмірлік маңызы бар үдеріс жайлы білуге болады?
- Суреттегі өсімдіктен не байқадың?
- Тасбақадан ше?
- Мұны қандай белгілер арқылы анықтадың?
- Осы үдерісті құрлықта да оңай бақылауға бола ма?
- Егер тірі ағзалар тыныс алуды тоқтатса, не болар еді?
- Қандай қорытынды шығаруға болады?
3. Фотосурет көмегімен жауап бер
Суретке мұқият қарап жануарлардың өсімдіктерге қандай көмегі тигенін анықтау.
Сұрақтармен жұмыс
- Құстың тұмсығында не бар?
- Ол оны не істеуі мүмкін?
- Иттің жүніне назар аудар. Не жабысқан?
- Бұл жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?
- Өсімдіктің көбеюіне жануарлар әсер ете ме?
Қорытынды: Жануарлар өсімдік тұқымдарының таралуына, көбеюіне әсер етеді. Құстар тұқымды тұмсығымен шоқып, жануарлар жүндеріне жабыстырып басқа жерлерге апарып тастайды. Өсімдік тұқымы түскен жерде, топырақ арасында қалып, келесі жылы тұқымнан өсімдік өсіп шығады.
4. Мәтінмен жұмыс
Инсерт кестесін толтыру.
ақпарат маған таныс мен үшін жаңа ақпарат
+ түсініксіз ақпарат
? қызықты ақпарат
5. Зертте
Жануарларға қандай өсімдіктер қажет?
Топтық жұмыс. Алдын-ала тақырыпқа сай энциклопедия, қосымша ақпараттар, кітаптар т.б ақпарат көздерін дайындап қою.
Жануарлар бейнеленген суреттер тарату. Оқушылар жануарлар суретін жабыстырады, берілген жануарлардың қандай өсімдікпен қоректенетінін ақпарат көздерінен іздестіреді және кестені толтырады. (дидактикалық материалды қараңыз)
6. Топтық жұмысты қорғау.
7. Сен білесің бе?
Кейбір өсімдіктердің улы болатынын, таныс емес жемісті жемеу керектігін оқушыларға ескерту)
8. Бағалауға арналған тапсырма.
«Жоқ сөздерді толықтыр»
1. Жануарлар ................. қоректенеді.
2. Аңдар мен құстар өсімдікті ........... ретінде пайдаланып, ұрпақ көбейтеді.
3. Жануарлар өсімдік арасына тығылып, ................ қорғанады.
4. Жануарлар өсімдік ................. таратып, көбеюіне ықпал етеді.
Жауаптары: 1. өсімдіктермен; 2. баспана; 3. жауларынан 4. тұқымын
9. Қосымша тапсырма. Жұмыс дәптері 20, 21-жұмыс парағы (22, 23-б.).........

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың өзара байланысы 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз: