Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бір күні)

Өлең: Мағжан Жұмабаев (Бір күні)

Бір күні, ерте оянып, жаттым ойлап
Көп шыбын өрмелеген уық бойлап
Ұшқан боп жақындасып бір-біріне
Тайдырып, орнын қозғап, түртіп ойнап

Қарадым, қалың тұман ойға түстім
Уыққа қарауымды дереу кестім
Шыбындай бір-бірімен талас қылған
Адамзат баласына енді көштім.

«Япырмай, осындай-ау адам-дағы,
Бірі күшті, біреуі жаман-дағы
Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң
Дүние де жамандықтан аман-дағы

Күшсіздер, сорлыларға атар таң жоқ
Көрінген бақ-дәулеттен ұшқан шаң жоқ.
Жиғаны, бар тапқаны – басқанікі
Керек десе, тәнінде жалғыз жан жоқ!»-

Деп ойлап қалың ойда жатыр едім
Көп ойлап, ой дәмінен татып едім
Естілді үй сыртынан апам даусы:
«Ноқта апар нағып тұрмай жатыр едің?»

Төсектен мең-зең болып әрең тұрдым
Ноқта алып, желі басына қарай жүрдім
«Күшсіздер, сорлыларға атар таң жоқ!»
Деп ойлап баяғы ойға қайта кірдім.

Қыздырып Күн, ойлауға ерік бермеді
Мал шулап, ойларымды еп көрмеді
«Күшсіздер де тырыссын, қатар болсын!»-
Тас та енді жоқ ойды деп қол сермеді
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мағжан жұмабаев Бір күні өлең стихи на казахском магжан жумабаев олен казакша, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери, магжан жумабаев стихи на казахском, Бір күні

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]