Курстық жұмыс: Экономика | «Табыс - шығыс» тепе-теңдіктегі толық үлгі. Инвестициялы
Мазмұны
Кіріспе....................................................................51. Табыстар мен шығындар және олардың айналымы......................................7
2. Тауар және игіліктер нарығындағы тепе-теңдік..........................................11
3. Ақша несие және фискальды саясаттың экономиканы макроэкономиканы тұрақтандырудағы алатын орны.........22
Қорытынды....................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер.............................................................................36
Кіріспе
Макроэкономикалық талдаудың негізгі мақсаты жалпы экономикалық тепе –теңдік жүйесінің пайда болу жағдайын табу. Макроэконмикалық тепе - теңдік мәнін, маңызын ашу. Жалпы сұраным және жалпы ұсыным категорияларын талдау қажет. «Табыс-шығыс» тепе-теңдік күйде болуы әрбір операциялық процестердің сәтті өтуіне кепілдік берері сөзсіз. Табыс дегеніміз - өнім өндіруден түскен пайдадан өнім өндіру үшін кеткен шығындарды алып тастағанда қалатын ақша. Шығыс дегеніміз - өнім өндіру үшін кеткен шығындар: өндіріс күші, шикізат, өндіріс құралдары және т.б. жатады. «Табиғи - шығыс» бухгалтерлік есепте «екіжақты жазуға» ұқсас және дебит пен кредит секілді өте маңызды орын алады Мысалы күнделікті тұтыну заттарын иемдену үшін базарға барғандағы процесті алайық. Біз белгілі бір көлемдегі ақшаны базарға барарда қажет заттар тізімін жазып, шығыс көлемін есептейміз. Егер біз базарға барғанда жоспарланбаған көлемдегі заттарды иемденсек, бұндағы процесс «табыс - шығыс» тепе-теңдік күйде болмайды. Тепе-теңдік процесінің тепе-теңдік күйде болуы мен бұзылуы жалпы сұраныс – тұтынушылардың, кәсіпорындардың, мемлекеттің әртүрлі баға деңгейінде сатып ала алатын ұлттық өндірістің нақты көлемі. Жалпы ұсыным әр түрлі баға деңгейінде нарыққа ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалпы саны. Жалпы ұсыным мен жалпы сұраным қисынындағы қиылысқан нүкте баға деңгейінің тепе-теңдігі мен ұлттық өндірістің нақты көлемінің тепе-теңдігін көрсетеді.
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе-тендік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші - кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады — баға нарықты тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мүнда "баға" деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір-біріне ықпалын тигізбейді. Екінші белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мүндай жағдайда тепе-тендік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі (белгілі бір уақыт аралығында) дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе-теңдік айырбасталатын көлем — тауарлар мен кызмет корсету (ЖҮӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Соңғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының езара әрекеттесуін көрсететін ІS-LМ үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс-әрекетін сипаттайтын сұраныс-ұсыныс үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі — тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.
Баланс (фран. Balance-тепе-тең) –теңгерім қандай да болсын құбылысты, ұдайы өзгеріп отыратын өзара байланысты шамалардың жай –күйін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, қандай да болсын іс -әрекет тараптарының арасындағы бір –бірін теңдестіруге тиіс қатынастардың сандық өрнегі. Пайда (Прибыль) – табыс шығыстан асып түсетін ақшалай қаражат сомасы.
1. Табыстар мен шығындар және олардың айналымы.
Мұнда тек бір ғана тауар –нан өндірілсін, яғни бір ғана фактор –еңбек пайдаланылады.
Үй шаруашылығы мен фирмалар арасындағы барлық экономиқалық мәмілелер көрсетілген (1-сурет). Суреттегі ішкі шеңбер нанмен еңбек ағымын көрсетеді.Фирма өз жұмыскерлерінің еңбектерін нан өндіруге пайдаланады, және фирма сол өнімді-нанды өз кезегінде үй шарушылығына сатады.Осыған байланысты еңбек үй шаруашылығынан фирмаларға қарай қозғалады. Ал нан фирмадан үй шаруашылығына қозғалады. Ал сыртқы шеңбер суреттегі ақша ағының көрсетеді. Үй шаруашылығы фирмадан нан сатып алады. Фирма сатудан түскен төлемдердің бір бөлігін жұмысшылардың еңбекақысы ретінде пайдаланады, ал қалғаны табыс болады. Осы фирма басқарушылары үшін үй шаруасы да бір сектор бөлігі болып табылады. Сондықтан нанға кеткен шығын үй шаруашылығынан фирмаға келіп түссе, ал айлық төлем ақы табыс ретінде фирмалардан үй шаруашылығына келіп түседі. ЖҰӨ- экономикада ақша ағынын сипаттайды.
ЖҰӨ- бұл нан өндірістің табыс жиынтығы, ол жалақы мен пайдаға тең, яғни суреттегі ақша айналымының жоғарғы жартысы. Сонымен қатар ЖҰӨ- бұл нан алуға кеткен жалпы шығын көлемі, яғни ақша айналымының төменгіс жартысы. Осыған байланысты біз фирмалардан үй шаруашылығына баратын ақша ағының біле аламыз. Шығындар мен табыстардың теңдігі мына есеп ережесінен шығады: өнімді өндіруге кеткен барлық шығын осы өнімді өндірушілердің табысы болып табылады. Осы ережеге байланысты кез келген мәселенің нәтижесінде шығын көлемі өзгеріске ұшыраса, онда табыс та өзгереді және кез келген мәселе нәтижесінде табыс нәтижесінде табыс өзгерсе, онда шығын көлемі де өзгереді.
Табыстар мен шығындар және олардың айналымы
Айналым
Сурет-1
Суреттегі фирмалар мен үй шаруашылығы арасында байланыс көрсетілген. Мұнда бір тауар түрі- нан өндірілді, ал пайдаланатын фактор –еңбек. Еңбек пен нан ағындарын көрсететін ішкі шеңберде үй шаруашылығы фирмаларға еңбекті сатады, ал фирма үй шаруашылығына нан сатады. Сырты шеңбер ақша ағының көсетеді: үй шаруашылығы фирмаларға нан үшін ақша төлейді, ал фирмалар үй шаруашылығына жалақы төлейді. Осындай экономикадағы ЖӨҰ- нанға кеткен жалпы шығын көлемі және нан өндірісінен тскен табыс жиынтығы.
Мысалы, фирма нанды өндіріп, үй шаруашылығына бір нанды артық саттық делік. әрине, мұндай жағдайда, нанға деген жалпы шығын көлемін өзгертеді және жалпы табыс та өзгереді. егер фирмаға қосымша нан өндіру үшін қосымша жұмысшы қабылдау қажет болса, онда жалақының жалпы көлемі көтеріледі. Егер фирма жұмыскерлердің көмегінсіз өндірсе (яғни өдіріс үрдісін тиімдірек әрі ұтымды етіп жасайды), онда пайда көбейеді.
Макроэкономикада манызды деп есептелетін «қор- ағын» ұғымына жататын кейбір көрсеткіштерді қарастырамыз.
1 Инвестиция және негізгі капитал. Экономикадағы капитал- бұл белгіленген, анықталған уақытта жинақталған тұрғын үй қоры, машина, құралдар, өндірістік ғймараттар қоры және елдегі өндіруші күш. Инвистициялық шығындар – бұл белгілі бір уақыт аралығында негізгі капиталды қолдауға және капиталдың өсуіне бағытталған өнімдер ағыны. Осыдан төмендегі қатынасты алуға болады.
2. Қор және байлық. Жоғарыда қарастырылған *қор – ағыны.* ұғымның бір көрсеткіші ретінде қор және байлықты құрастыруға болады. Қор табыстың тұтынудан қалған бөлігі, бұл қаржылық байлықтың қалыптасуына мүмкіндік береді және белгіленеді.
3. Ағымдағы операция шоттары және шетел инвестициясының сальдосы.
«Қор - ағын» ұғымының үшінші көрсеткіші. Ол ағындағы операция шоттары мен шетел инвестициясының сальдосы арасындағы байланысты көрсететін тәуелділік.
4. Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз. Бұл көрсеткіш мемлекеттің таза қарызының мөлшері пен бюджет тапшылығы арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Гипотиқалық экономикада, мұнда тек нанды өндіреді деп жорамалдаймыз. Нақты өмірде мемлекеттердің ЖҰӨ - ны есептеуі күрделі мәселе. Сондай күрделі экономиканы өндіріс пен қызметтер шығының қоса отырып, тікелей түсінуге болмайды. ЖҰӨ туралы тұрыс түсінік алу үшін, оның басты қалыптасу принциптері туралы білу қажет.
Қор есебі: Мәселен, фирма қосымша жұмысшылар алып, өндіріс үлкейтсе, яғни нан өндірсе, оларға жалақы төлесе, ал содан кейін жасаған тауарлары өтпей қалса, бұл ЖҰӨ өлшеміне қарай әсер етеді?
Жауап өтпей қалған нанды не істейді, соған байланысты. Егер нан керек емес деп табылса, онда фирма пайдасы қосымша жалақы өлшемі ретінде төленеді – сонда фирма жалақы ретінде үлкен сома төлесе, ал пайда ретінде өзіне ешқандай пайда тапқан жоқ. Бұл операция шығын көлеміне және табыс деңгейіне әсер етпейді. Сондықтан ЖҰӨ өлшемі өзгеріссіз қалады (тек қана жалақыға тиесілі бөлігі аз). Басқаша айтқанда, егер нанды кейінірек сату үшін, қорға жинап қойса, онда ұлттық есептеу принципіне байланысты, бұл операция басқаша қаралады. Бұл жағдайда пайда қыстырылмайды, себебі нан яирма қорында сақталуда. Сол себепті ЖҰӨ көлемі көбейеді. Яғни, жалақының жоғары болуынан пайда жоғарылайды, сонымен қатар қордың жиналуынан шығын көлемі көбейеді.
Жалпы ереже бойынша фирма тауар қорын көбейткен сайын инвестиция көлемі қорға және шығын құрамына, табыс құрамына енеді. Сол себепті, өндіріс нәтижесінде қор есімі пайда болады, ЖҰӨ көбейеді.
Жалпы ұлттық өнім дегеніміз – мемлекетте белгілі бір мерзімде өндіоілген тауарлар мен қызмет көрсетулер жиынтығы.
........
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Экономика | Табыс - шығыс
» Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономика
» Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
» Курстық жұмыс: Экономика | Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
» Курстық жұмыс: Экономика | Тауар және ақша нарығындағы макроэкономкалық тепе-теңдік.IS-LM моделдері
» Курстық жұмыс: Экономика | Табыс - шығыс
» Курстық жұмыс: Экономика | Макроэкономика
» Курстық жұмыс: Экономика | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстағы классикалық және кейнстік бағыттар
» Курстық жұмыс: Экономика | Тұтыну нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
» Курстық жұмыс: Экономика | Тауар және ақша нарығындағы макроэкономкалық тепе-теңдік.IS-LM моделдері
Іздеп көріңіз: