Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімін дайындау процесі

Курстық жұмыс: Педагогика | Педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімін дайындау процесі

Мазмұны

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………… 3

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП
МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып
мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері…………………………. …. 7

2. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық практиканың тарихи-
педагогикалық сипаттамасы……………………………………….……. 21

3. Бастауыш сынып мұғалімдерін жеке тұлға ретінде қалыптастыруда
педагогикалық практиканың маңызы ………………………………. …. 32

4. Мектепте болашақ мұғалімдердің педагогикалық практикасын
кешенді ұйымдастыру жолдары ………………………………………... 43

ҚОРЫТЫНДЫ …………………………………………………………... 54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ………………………….. 57


1. Педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың ерекшеліктері

Қазіргі кезеңде ғылымда және білім беру жүйесінде интеграция процестерінің жедел жүзеге асуының маңыздылығы тұсында, таныиның диалектикалық бірлігі және шындықтың қайта құрылуының маңыздылығы арта түсуде.
Педагогикалық практика әр түрлі, әсіресе интегралды, кешенді білімді қолдануды қажет етеді, сондықтан оны қолданудың соңғы нәтижесі жаңа білім алу және жаңа іскерлікке үйрену болып табылады. Педагоктік мамандықтың мәнін тану және меңгеру ұзақ уақытты керек етеді де, әлеуметтік дамудың әрбір кезеңінде оқу-ағарту ісіне жаңа талаптар мен міндеттер қойылған сайын жаңарып, жасарып, дамып отырады.
Қандай да болмасын маман дайындау мәселесінің нәтижелілігі теориялық білім мен практикалық іскерліктің қабысуынан келіп туындайтыны белгілі. Осыған байланысты педагогикалық практиканың негізгі міндеті студенттің педагогикалық ойын дамытып, іскерлігін шыңдау.
Педагогикалық практика студенттердің өзін-өзі дамытуына, ізденуіне, өз икемдігі мен талантын анықтауына да көмектеседі. Себебі, қазіргі таңда педагоктер алдына қойылып отырған талаптардың басты бір саласы – мұғалімнің, жалпы адамның өзін-өзі бағалай білуі. Сырттан біреудің берген бағасынан гөрі адамның ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін есептей отырып, өзін-өзі анықтауы оның бойындағы күш-қуатты шығарып қана қоймай, білімі мен тәжірибесін орынды жерінде, тиімді пайдалануына жағдай туғызады.
Педагогикалық практика мамандық бойынша оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастырылатын жұмыс түрлерін саралауға, іріктеуге, алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелерді тиімді қолдануға да үйретеді. Мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесінің оңтайлы, қолайлы, жаңа түрлерін бақылай білуге, анықтауға, бағалауға, талдауға, қорытынды жасауға да төселеді. Басқа педагоктің жұмысындағы жақсы жақтарын көре білу үлкен дайындықты, мұғалімдік этиканы, мәдениеттілікті, білімділікті қажет етеді.
Өз ісін жете білетін маман дайындауда педагогикалық практиканың алатын орнын айтып қана қоймай, оның ішкі мазмұнын түпкі мақсатын түсінген педагоктер бұл туралы өз пікірлерін ертеден-ақ ортаға салып келеді. С.Т.Шацкий “Жас мұғалімдер өмірмен байланысты педагогикалық ортада үйрену керек. Жастар үшін академиялық қажеттілікпен шектелу және практикалық қызметке сырттай бақылаушы ретінде қарау зиянды. Өз күшімізді байқау үшін курстардың арнайы жағдайларында пайда болған идеяларды тексеріп көруді дамытуымыз керек”-деп, атап көрсетті [11,69]. Осы сияқты Ресейдің әлеуметтік тәрбие беру Академиясын басқарған белгілі педагог П.П.Блонский де өз естелігінде “Тек лекциялар мен кітаптар арқылы ғана педагогикаға үйрену мүмкін емес, сонымен бірге практика қажет, бірақ ол дәл көшірме емес, шығармашылық және саналы түрде түсіну тұрғысынан болуы керек”-деп жазған болатын [11, 75]. Сонымен қатар, Н.П.Блонский теориялық білім мен практикалық процестің үйлесімді бірлікті болуын жақтады. Осы бағыттың жалғасын қазіргі көрнекті ғалымдар О.А.Абдуллина [13], Ю.К.Бабанский [14], Н.И.Болдырев [15], И.В.Кузмина [16], Б.Я.Гудзенко [17], В.А.Сластенин [18], т.б. еңбектерінен де кездестіруге болады.
Практика таным әдісінің өзі болып табылады. Шындығында, студенттер практика кезінде өмірден байқағанын тікелей пайымдау, мақсатты түрде бақылау, талдау, жинақтау, дерексіздендіру және тағы басқа педагогикалық жағдайларды бастан кешіруге мүмкіндік алады.
Практика жалпы адамзаттық танымда оның бастапқы да, соңғы да кезеңі болып табылады. Кез-келген ғылым саласына маман дайындауда да практика осындай қызмет атқарады. Қазіргі ғылыцми әдебиеттерде танымның концепциясын әр-түрлі түсіндіру кездеседі. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, ғылыми ұғымдар, түсініктер тәжірибеден тумайды, алдымен жоспары жасалып, теориямен бекітілген болжамдар ұсынылады, содан соң ол тәжірибеде тексеріледі.
Студенттің танымы мектеп өмірінен басталып, көркем шығармалар оқуға, деректі ғылыми білімдер алуға, кинофильмдер көруге, сондай-ақ, институтта алған білімдері мен қоршаған ортадан әсер еткен жағдайларға және тәрбие нәтижелеріне тікелей байланысты. Студенттің танымын кеңейтіп, бұрын алған білімдері мен жинақталған тәжірибелерін іс жүзінде қолдану арқылы кәсіби шеберлікке төселуінің бірден-бір жолы педагогикалық практика.
Методологиялық білімнің абстрактілі негізі жанама немесе тікелей практикаға бағытталатынын атап өту керек. Студент мұғалімнің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу процесін талдай отырып, бастапқы кезде, өзі әлі оқу-тәрбие іс-шараларын жүргізбей тұрып, алған теориялық білімін салыстырады, оны іс жүзінде қолданудың жолын үйренеді. Сөйтіп, білімін практикада қолдана білу мүмкіндігін тексереді. Ал, педагогикалық практика болашақ педагоктің жеке тұлғасын қалыптастырудағы қоғамдық, әлеуметтік факторлардың арақатынасын түсінуге, оқытудың дәстүрлі уақыт талаптарына төтеп беретін және танымның қазіргі деңгейін көрсететін жаңа байланысын жасау үшін тиімді жағдай жасайды. Педагогикалық практиканы студенттердің педагогикалық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру құралы ретінде оның танымдық және шығармашылық белсенділігін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың теориялық білімін бекіту мен тереңдету құралы ретінде құрастыруға болады.
Педагогикалық институттарда маман дайындау мәселесінің жаңа бағыт, жаңа мазмұн, жаңа мақсатқа ие болуына байланысты, қазіргі таңда жоғары оқу орындарында мектептерге мұғалім мамандарды дайындау күрделі де, жауапты да істердің біріне айналып отыр.
Нормативтік құжаттар бойынша жоғары оқу орнына келген студенттер алғашқы күннен бастап-ақ, педагогикалық, психологиялық арнаулы пәндер теориясымен қатар жеке пәндер әдістемесін оқып, семинарлық, практикалық сабақтар барысында мұғалімдік жұмыстың қыры мен сырына төселе бастайды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің негізгі іс-әрекеттерімен танысып қана қоймай, сабақ және тәрбие жұмыстарының жоспарларын жасайды.
Студенттердің институт қабырғасында алған теориялық және практикалық білімдері үшінші курстан бастап педагогикалық практикамен жалғасады. Бұл бастауыш сыныптар мұғалімін дайындауға бүртұтас үрдіс ретінде қарап, педагогикалық практика барысында студенттердің білім берудегі тек әдістемелік дағдысын қалыптастыруға көңіл бөліп қана қоймай, олардың теориялық білімін көтеру, тәрбие мен оқытудың дидактикалық жүйесін меңгеру мүмкіндігін жетілдіру, сол арқылы кәсіптік шеберліктерін дамытуды педагогикалық, психологиялық тұрғыдан негіздеудің керектігін көрсетеді.
Бастауыш сынып мұғалімі оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін өз дәрежесінде шешу үшін ең алдымен адам жайындағы ғылым салаларын меңгеріп, күнбе-күн жедел қарқынмен өсіп, дамып отыратын жасөспірімдердің анатомиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін жете түсініп, өз іс-әрекетінде осы ерекшеліктерді ескере білетіндей, дәрежеге жетуі тиіс. Сонда ғана мұғалім оқушылармен бірлестікте жұмыс істеу тәсілін меңгеріп, олармен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алады.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әмбебап білім иесі болу керек деген пікіріміздің дәлелі – адам өмірінің бүкіл алдағы кезеңдеріне білім жағынан да, мінез құлық ұйытқысының қалыптасуы тұрғысынан да негіз боларлықтай іргетасы оқушылар бойында осы бастауыш сыныптан бастап қаланады. Оны мықты етіп қалау мен негіздеу, саналы, білімді, жан-жақты дамыған, қоғамда болып жатқан өзгерістерге тез икемделгіш, кәсіби шеберлігі қалыптасқан, оқушылардың психологиялық ерекшелігін жете білетін маманның ғана қолынан келеді.
Бастауыш сыныптарда сабақ берудің, тәрбие жұмысын жүргізудің теориялық және әдістемелік мәселелерін меңгеру жан-жақты дайындықты керек ететінін өз кезегінде мектеп ашып, ол мектептерде білім беру жүйесін жолға қоюмен айналысып, қазақ халқының білімі, мәдениеті, сана-сезімінің көтерілуіне жол салған Ы.Алтынсарин да айтып кеткені белгілі. Сол атақты педагог бастауыш мектепте сабақ беруге кез-келген мұғалімнің күш-жігері, кәсіби ыңғайы келе бермейтінін айта келіп, “Өйткені бұратана елдерінің балаларын, белгілі бір бағыт нұсқау алмай-ақ, өз беттерімен оқыта беру оқытушылардың бәрінің бірдей қолынан келе бермейді”-дейді [10,191].
Педагогикалық институттың бастауыш сыныптар мұғалімін дайындауға арналған оқу жоспары мен бағдарлама мазмұны маман дайындаудың жоғары деңгейде жүзеге асырылуын қарастырды және талап етеді. Сондықтан да, әрбір жеке пәндердің теориялық және әдістемелік негіздері жоспарға қатар енген. Білім беруге арналған оқу жоспарының бұл құрылымы әр пән бойынша семинарлық, практикалық, лабораториялық сабақтар ұйымдастырып, болашақ мамандарды аудиторияда институт қабырғасында педагогикалық практикаға шықпас бұрын-ақ, алдынала дайындауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысымыздың негізгі бір мақсаты студенттерді падагогикалық практикаға алдынала дайындаудың жүйесін, мазмұнын, әдістемесін негіздеу. Осыған дейінгі жарық көрген еңбектердің бәрінде дерлік, педагогикалық практикаға дайындықтың керектігін сөз еткенмен, қандай дайындықтарды айтатыны белгісіз болып қала береді. В.А.Сластелин педагогикалық практикаға дейін студенттердің педагогикалық ойдың дамуына мән беру керек десе, М.И.Лукьянова кәсіби бағдар қалыптасу үшін алдымен педагогикалық хабардарлығы (компетентность) басым болуы шарт деген пікір айтқан.
Студенттердің сабақ барысындағы және сабақтан тыс орындайтын жұмыстарының мазмұнын жүйелеп, оны орындаудың түрлері мен әдістерін анықтап алу арқылы оларды педагогтік мамандыққа үздіксіз және жүйелі дайындау мақсаты орындалады. Мұндай жұмыстарды орындау барысында студенттердің өз мамандығының мәнісін, маңызын, келешектегі мақсатын түсіну деңгейі дамып, танымы қалыптасады. Танымның түрі көп екені белгілі. Ғалымдардың танымы мен студенттердің оқу білім алу кезінде қалыптасатын танымдарын салыстыруға болмайды. Студенттер субъективтік жаңаны, ғылым бұрын зерттеп, танып қойғанды ғана қабылдап, таниды. Ал, ғалымдар болса, жаңаны іздейді, зерттеу жолында сәтсіздікке кездесуі де мүмкін. Соның негізінде басқа жол іздестіріп, талай қиындыққа ұшырайды. Студенттер болса, әбден байқаудан өткен әдіс-тәсілдерді танып, оның қолдану ретін іздестіреді. Бірақ, осы ізденістің өзі олар үшін жаңа танымға жетелеп, жаңа ұғым береді. Сол жаңалықты меңгеруге жетелейтінғ ізденуге жол сілтейтін, жаңалықтың іс жүзінде қолданылу ретін көрсететін жоғары оқу орнының мұғалімі.
Студенттер әр пәнді оқығанда сол пәннің келешектегі кәсібіне қаншалықты керектігін түсінген жағдайда ғана шығармашылыққа ұмтылып, өздігінен ізденушіліктері күшейеді. Бәләмдерін толықтырып, қосымша әдебиеттер оқып, өзін өзі бақылауға жұмылады. Себебі, қазіргі студент ол аз уақыттан кейін дайын маман, ол болашағын ойлап іс істейтін тұлға. Институт қабырғасында оқып, білім алу барысында олардың ғылыми түсініктері, түрлі талдаулар арқылы қалыптасқан ұғымдары бар.
Соңғы жылы Білім және ғылым министрлігінің бекітіп, маман дайындауда басшылыққа алуға ұсынған жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімін дайындауға арналған стандартында [8] негізгі мамандықтарына қосымша мамандандыруға 500 сағат берілген. Бұл сағатты әр институт өз мүмкіндіктеріне қарай қандай бағытта мамандандыру керектігін өздері шешеді. Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институты мамандандыру бағытына педагогикалық колледждің мұғалімін дайындауды енгізіп, жыл сайын бітіруші студенттерге бастауыш сыныптар мұғалімі мамандығымен қатар педагогикалық колледж мұғалімі деген қосымша мамандық беріп келеді.
Бастауыш сыныптар мұғалімдерін дайындауға үлкен мән берілетіндігін білім стандартына енген жеті түрлі практикадан-ақ, байқауға болады. Егер, жоғары сыныптарда өткізілетін практикалар мазмұны оқыту мен тәрбие мәселелерін қамтитын болса, бастауыш сынып педагогикалық практикалары мектепте бастауыш буынға білім мен тәрбие беруде басшылыққа алатын жүйелі-жүйелі мәселелердің барлық жақтарын қамтыған. Мәселен, “Мектептегі алғашқы күндер” [3 апталық] практикасы өз алдына ерекше шешуін табуды талап ететін мәселе. Мектеп есігін жаңа ашқан жеті жасар баланың психологиялық дүниесінде болатын құбылыстарды кітаптан оқып меңгеруге мүлде болмайды. Оны көзбен көріп, жүрекпен сезінген маман ғана байқай алады. Ал, бұл тұста сол көңіл күй ерекшелігін білген маман ғана білім берудің алғашқы қадамын сәтті бастай алмақ. Сондықтан да, болашақ бастауыш сынып мұғаліміне кәсіби бағдар да осы практикадан басталады. Оқушылардың жаңа орынға, жаңа ұжымға, мұғалімнің жеке басына үйреніп, өзінің бүкіл еркін, сана-сезімін оқуға, білім алуға бағыттауы алғашқы күндердің сәтті ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Сондықтан да, студенттердің бұл практикасына үлкен мән беріліп, практика кезінде кездескен ситуациялар аудитория жағдайында талданып отырады. Сонымен қатар, ғылыми зерттеушілік жұмысын ұйымдастыруға арналған тағы да үш апталық практика енгізілген.
Сөйтіп, студенттер үшінші курстағы педагогикалық практикаға теориялық, практикалық, психологиялық тұрғыдан дайын келеді. Үшінші курстағы педагогикалық практика [5 апта] институттағы аудиториялық дайындықпен қатар осыған дейінгі үш дүркін ұйымдастырылған педагогикалық практикалар негізінде өткізіліп, болашақ мамандардың келешектегі іс-әрекеттерінің ғылыми практикалық негізін қалайды. Осы практикалардың бәрінің нәтижесі төртінші курста ұйымдастырылатын алты апталық оқу-тәрбие практикасының мазмұнымен жалғасады. Осы келтірілген деректерден бастауыш сынып мамандарын дайындау барысында оларға кәсіби бағдар берудің мазмұны мен мақсатын байқауға болады.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың ерекшелігіне институт қабырғасында оқылатын пәндердің әдістемелік тұрғыдан сабақтастығы да бар. Бұл әдістемелік сабақтастықтар туралы Қазақстанның белгілі педагогі, дидакт Р.Г.Лемберг өзінің “Оқыту әдістері” [19] еңбегінде жақсы көрсеткен. Оның пікірі бойынша бірде-бір оқыту әдісі жұмырланып жеке дара таза қалпында қолданылмайды, олар бір бірімен сабақтастықта, байланыста қолданғанда ғана нәтиже береді. Мұндай жағдайда кейде негізгі әдіс келесі бір оқыту әдісінің тәсіліне айналып кетуі ықтимал. Оқыту әдістерінің сабақтастығы мен оларды топтау И.Я.Лернердің еңбегінде де ерекше орын алады [20]. Сондықтан да, бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіптік шеберлікке баулуда осы жағдайлардың бәрі де ескеріледі.
Болашақ мұғалімдердің кісіби шеберлігі педагогикалық практика барысында шыңдалатын болса, оған дейін студенттерді педагогтік жұмысқа дайындау институтта аудиторияда жүзеге асады. Осы тұрғыдан алғанда педагогикалық практиканың алдынала жүргізілетін жұмыс түрлерінің маңызы зор. Алдынала дайындық кезінде болашақ мамандарға оқытылатын пәндердің мазмұн сабақтастықтарын ескерумен қатар ұқсас пәндерді кіріктіре оқыту жағына көңіл бөлінуге тиіс. Осы кезге дейін жоғары оқу орындарында әр пән жеке-жеке оқытылуымен қатар кейде өзінен өзі сұранып тұрған мазмұн сабақтастығы да ескерілмей келгені шындық.
Сондықтан да алдынала дайындау кезінде пән аралық кіріктіруді күшейте отырып, барлық бастауыш сынып мұғалімдеріне оқытылатын пәндерге ортақ, сабақтас тақырыптарды күшейтуге көңіл бөлінеді. Ол мазмұн төмендегідей көлемді қамтыды:
1. Студенттердің бастауыш сыныптарға арналған оқу бағдарламаларынң мазмұнын, әр сынып бойынша берілетін білім көлеміне жете біліп, меңгеруі. Бастауыш білім стандарты мен тұжырымдамасын оның талаптарын талдай білуі.
2. Бастауыш сыныпқа арналған пәндер оқулықтарының мазмұнын, құрылысын, оның оқушыларға деңгейлеп білім беруге сәйкестігін, оқулықтарда берілген сұрақтар мен тапсырмалар құрылысы мен мазмұнын талдай білу.
3. Оқулықтардың көркемдік безендірілуін, ондағы суреттер мен сызбалардың тиімді, тиімсіз жақтарын талдап үйрену.
4. Сабақ түрлерін, осыған байланысты сабақтың құрылысын талдау.
5. Сабақтың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсатын оның тақырыбы мен мазмұнына қарай дәлелдеу.
6. Сабақ түрлеріне, тақырыбы мен мақсатына қарай оның жоспарын жасап жаттығу.
7. Сабақтың тақырыбына байланысты оқушылардың сабақ барысындағы өзіндік жұмысының түрлерін талдай білу.
8. Сабақтан тыс ұйымдастырылатын жұмыстарды тақырып пен тараулар бойынша жүйелеу.
9. Сабақ барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдерді тақырып мазмұны мен мақсатына байланысты саралау.
10. Оқушылардың шығармашылығын дамытудың жолдарын меңгеру.
11. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін меңгеріп, оның жоспарын жасау.
12. Пән мазмұндарын кіріктіре оқытудың әдістерін талдай білу.
13. Оқушыға берілетін білімді міндетті және мүмкін деңгейге саралай білуі.
14. Оқушыларға берілетін білім, білік және дағдылардың сапасын талдай білу.
Студенттердің педагогикалық практикаға дайындау кезінде аудитория жағдайында өткізетін сабақ үлгілерін және оқулықтар мен бағдарламалар мазмұнына байланысты туындаған пікірлерін де олардың өзін белсенді қатыстыра отырып талдау арқылы олардың болашақ педагог ретіндегі көзқарасы мен біліктілігін дамытып, кәсіби бағыт беру мақсаты жүзеге асады.
Педагогикалық практиканың алдынала дайындығына студенттерге дәріс оқыту да енеді. Дәрістің тақырыбын анықтау, жоспарын жасау, әдебиеттерін тағайындау, лекцияның түрін белгілеу (жаңа ұғым беру, проблемалық т.б.) мұғалімнің көмегі арқылы жүзеге асуы да, не студенттердің өздігінен орындауы да мүмкін. Бұл студенттердің осыған дейінгі дайындығының деңгейіне байланысты туындайтын жағдай.
Дәрістің құрылысын анықтап, конспектісін жазуды студенттер өздігінен орындайды. Ал, оқыған дәрістің нәтижесін талдау, қорытынды жасау бүкіл топ студенттерінің қатысымен жүзеге асады. Мұндай жұмыс түрлері арқылы студенттердің өз білімі мен біліктілігіне деген сенімі артады. Өз білімін бағалауға, кемшілігі мен жетістігін саралауға төселіп, мұғалімдік дағдысы қалыптасып, кәсіби бағыт алады.
Педагогикалық практиканың алдынала жүргізілетін жұмыстар негізінде студенттерде мұғалімге тән қасиеттер – оқушылар алдында өзін ұстау, дауыс ырғағы мен сөйлеу шеберлігін жетілдіру, дәрісті бастау мен аяқтау, қорыту, аудиториямен байланыс жасай білу сияқты дағдылар қалыптасады.
Педагогикалық практика жайында жазылған еңбектерде алдынала дайындық кезеңі жеке дара бөлініп көрсетілмейді. Алдынала дайындықтың педагогикалық, психологиялық және теориялық, әдістемелік тұрғыдан алғанда да үлкен бәрі бар. Себебі, педагог болудың алғашқы кезеңдеріндегі ең негізгі қиындық, студенттердің психологиялық кедергіні жойып оқушылармен қарым-қатынасты дұрыс деңгейде шеше алмауынан туындайды.
Педагогикалық практиканың алдынала дайындық жұмысына үлкен мән беріп отырмыз. Себебі, мұғалімнің маман ретіндегі дайындық деңгейіне оқушының білім алу сапасы тікелей байланысты. Білім екі жақты процесс екенін мойындасақ, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың көзі, оған түрткі болып жағдай жасайтын мұғалімнің іс-әрекеті екенін естен шығармауға тиіспіз. Білімді тиімді әдістер арқылы түсіндіріп, оның нәтижесінде оқушыларда ұғым қалыптастыру мұғалім шеберлігіне тікелей байланысты. Осы кезге дейін оқу үрдісінде мұғалім субъкт ретінде орын алып, оның әсер ететін объктісі оқушы болса, қазіргі білім беруді демократияландыруға байланысты мұғалімнің өзі оқушылар әрекетіне төтеп беретін объектіге айналды. Сабақта тек өз айтқанын жүргізіп, авторитарлығы басым өктемдікпен басқаратын қалыптың тиімсіздігіне мұғалімдер қауымының көзі жетіп отыр. Мұғалімнің күнбе-күн өзінің психологиялық ерекшелігімен, талабымен, мүмкіндігімен, мінез-құлқымен, ешкімге ұқсамайтын қасиетімен, тек шығармашылықпен қатынас жасауды керек ететін қалпымен күрделеніп, оқшауланатын объектімен жұмыс істеуіне тура келеді. Сондықтан да, мұғалім оқушылармен ынтымақтастықта, бірлестікте жұмыс атқарып, пікір алмасу, көзқарастарын ашық айтып, оны талқылау деңгейінде орынды және тиімді жасалған басшылық негізінде білім беру үрдісі жүзеге асады. Оқытуды ынтымақтастықпен ұйымдастыру мұғалімнен үлкен дайындықты және педагогикалық біліктілікті талап етеді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЙЫНДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
» Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКАНЫҢ БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМ ДАЙЫНДАУДАҒЫ РОЛІ
» Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамытудың ерекшеліктері
» Курстық жұмыс: Педагогика | Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың психологиялық- педагогикалық негіздері
» Курстық жұмыс: Психология | Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу

Іздеп көріңіз:
курстык Педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімін дайындау процесі жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Педагогика курстық жұмыстар, Педагогикалық институттарда бастауыш сынып мұғалімін дайындау процесі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]