Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақша күрестің дамуы және спортшының дайындығы

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Қазақша күрестің дамуы және спортшының дайындығы

Мазмұны


Кіріспе.........................................................................................
І-тарау.
1.1. Ұлттық күрестің даму тарихы...................................................
1.2. Күресшілердің жан-жақты дайындығы....................................
1.3. Күш...............................................................................................
1.4. Шапшаңдық.................................................................................
1.5. Ептілік..........................................................................................
1.6. Шегініс әдісі................................................................................
ІІ-тарау.
2.1. Қазақша күрестің жаттығу методикасы...................................
2.2. Саналық, белсенділік, жүйелілік және күнделікті үрдісі............................................................................................
2.3. Жаттығу кезінде спортшының күйін бақылау үрдісі.............
ІІІ-тарау.
3.1. Спорттық құрал –жабдық туралы және жаттығу орнын әзірлеу..........................................................................................
3.2. Жазғы жаттығу алаңдарын жабдықтап дайындау...................
3.3. Палуандардың салмақ дәрежелері............................................
3.4. Психологиялық дайындық.........................................................
3.5. Спортшылар үшін тамақтану режимі.......................................
Қортынды....................................................................................
Әдебиеттер тізімі........................................................................

Ұлттық күрестің дамуының тарихы.
Күрес өнерін қай халық болмасын бұл спорт түрін жан –тәнімен сүйеді. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан –ұрпаққа оны байытып, жаңғырта біздің бүгінгі күнімізге дейін жеткізіп отыр. Бұл әрине, ең алдымен көңіл қуантатын нәтиже. Иә спорттың халықтық және ұлттық түрлеріне мұнша қамқорлық жасауның арқасында советтік физкультураның әрі қарай гүлденуіне игі әсерін тигізді. Өзіміз қырын сырын сөз еткелі отырған қазақтың ұлттық спорттық өнерлерінің ішіндегі шоқтығы биік, ежелден халық арасына кең тараған қазақша күресті алайық.Алдымен тарихқа үңілейік.
Қазақ халқы революцияға дейін негізінен көшпелі сипат алған. Яғни елін, жерін сыртқы жаулардан қорғау үшін әрбір қазақтың ұлы жауынгері болуы тиіс еді. Жауынгер күшіті де, айлакер болмаса ол жауынгер емес, мінекей, осы тұрғыдан келіп әрбір қазақтың қара домалақ баласы күреспен айналысатын. Той домалақтар немесе бас қосулар күрессіз өтпейтіні дәстүрге айналған. Жай палуан мен түйе палуан арасындағы күрес өнері шеберлерінің есімдері марапатталып, оларды халық басына көтерді
Жалпы қазақша күрес өнерін сөз еткенде алдымен ауызға ілінетін мына есімді кім білмейді? Ес білгеннен бастап қай –қайсымыз болмасын ол есімді құдірет тұта жаттық, сондай күшті де, алып болсам деп армандап өскеніміз айдан анық. Ол күш атасы Қажымұхан әрбір күрес өнеріне келген қазақтың осы есімге зор қарыздар екені сөзсіз. Кезінде әлемді аузына қаратқан, кейіннен аты аңызға айналған қазақтың батыр ұлы, күш атасы Қажымұханның өзіде халқының төл өнерінен алғаш сусындап, үйрегені хақ. Ендеше бүгінгі жарқын өміріміздің Қажымұхандардың алғаш күрес тұсауланы кесті, тәй –тәй басқаннан бұл төл өнердің әдіс –айлаларын бес саусақтай беске біліп өскен олар өзге күрес тәсілдерін жатсынған жоқ. өйткені қазақша күрес бүгінгі ареналардағы күрес түрлерінің қай –қайсына болсын жақын да, ұқсас. Яғни бұл кіріспеміздің басындағы пікірімізде жанданды деген сөз.
Бүгінгі күннің әлем назарын аударған есімдерінде халық жатқа біледі: Амангелді Гавсаттаров, Әбілсейт Айханов, Қабден Байдосов, Нұрғали Оспанов. Айта берсек көш құлаш тізім жалғаса береді. Бұлардың қай –қайсы болмасын ә дегеннен шындықта күресіп, күрес әліппесін қазақша күреспен ашқаны айқын. Күрес әліппесі осыдан барып тағыда бір шындық алдымыздан шығады. Болашақ әлем чемпиондары осы күрес әліппесін енді енді парақтап ашып ауылда жүргені айдан анық нәрсе.
Енді сол күрес талапкерлеріне, алыс ауылдардан келіп, біздің институтымыздың табалдырығынан аттаған қазақ жастарын осы күрес әліппесі керек пе, керек емеспе? Керек болғанда қандай ? ауадай қажет десек тіптен қателеспейміз әсіресе бұл күрес әліппесі қазақ тілінде қолдарына тисе, тіптен нұр үсіне нұр болар еді. Бұл біздің күрес әліппесін, яғни ережелерін, айла тәсілдерін тағыда басқа қырларын, тіптен өткен тарихын болашақ жас палуанға кедергісіз үйретуге зор көмегін тигізетіні сөзсіз.
Мінекей алпыс айлалы ұлттық күресіміздің осы айтылғандарын зердесіне тоқи білген институт түлектері республикамыздың түкпір –түкпірлеріне аттанып сол жерлердегі талапкерлерге күрес өнерін үйреткен кезде бұл күрес әліппесі олардың ойынынан, көңілінен шығып жатса кұба –құп әзірге жас палуандарға «сәт сапар» тілейміз.

І-ТАРАУ.

1.1 Ұлттық күрестің даму тарихы.

Ұлттық өнерімізді сөз еткенде алдымен ілігетіндерінің бірі қазақша күрес. Ертеден –ақ бұл күш сынасу өнері той -томалақта әрдайм көрнекті орын алып отырды.
Иә сан ғасырлар бойы айдыны аспасы, тұғырдан түспеген осынау ұлттық өнеріміздің бір –түрі қазақша күрес советтік заманымызда да жойылып кеткен жоқ. Үкіметіміз бен партимыздың әкелік қамқорылығың арқасында қазақша күрес қайта өзгеше бір жаңа серпінмен өркен жая дамып, халықтық өнерге айналды. Спорттың халықтық өнері және ұлттық түрлері советтік физкультурамыздың одан әрі дамуына зор ықпал жасайтындығы баршамызға белгілі жайт. Қазақша күрес жөнінде де айтарымыз осы. Ол ертеден ақ қазақ халқының бір жағынан көңіл көңіл көтеретін ұлттық өнері ойыны болса , екінші жағынан жауынгерлерді алғырлыққа, ептілікке үйретіп, жаумен бетпе –бет шайқасқа алдын –ала осы қазақша күрес арқылы баулыйтын еді. Қазақша күресте тік қалыпта аяқпен қимыл жасай жүріп, қос қолды қарсыласының белінен немесе арнайы жасалған белдеуден, киімнен ұстап жығуға әрекеттер жасалады.
Техникалық жағынан қазақша күрестің қалыптасқан әр қилы әдіс айлалары өте көп. Бұл көбнесе қазіргі еркін және классикалық күреске ұқсас. Аяқтан қаға іліп –шалып, бастан асыра лақтыру, жамбасқа алу, сондай –ақ шалқая бере кеуде арқылы лақтырып жіберу сияқты әдістерді ауылда өскен әрбір қазақ баласының білетіні сөзсіз.
Бұрын қазақша күрестен өткен жарыстар ешқандай салмақ дәрежелеріне қарамай өткізіле беретін. Өзінен әлде қайда салмақты қарсыласымен күресу, әрине кімге де болса қолайсыз болады. 1938 жылы Алматыда өткізілген қолхозшылардың тұңғыш республикалық спартакиядасының программасына қазақша күресте енгізілді. Осы спартакиядада палуандар алғаш рет үш салмақ дәрежесі бойынша жеңіл салмақ-65 килограмға дейін орташа салмақ-75 кг. Дейін, ауыр салмақ-75 кг жоғары күресті. Салмақ дәрежесі бойынша Семей облысының өкілдері С. Адасқанов, К.Алтыбасаров және И.Туменов жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.
1939 жылы Семей қаласында республика біріншілігі өтті. Палуандар үш салмақ дәрежесі бойынша күресті. Салмақ дәрежелері бойынша жеңіл салмақта Құрбанбаев (алматы облысы) орташа салмақта Досқалиев (Батыс Қазақстан облысы), ауыр салмақта Мусин (Павлодар) жеңіс тұғырына көтеріліп, чемпион тәжін киді.
Мұнда республикалық абсолюттік чемпион атағын Батыс Қазақстан өкілі Досқалиев жеңіп алды. 1940 жылғы Қазақ ССР –інің 20 жылдығына орай өткізілген біріншілік 5 (бес) салмақ дәрежесі (аса жеңіл, жеңіл орташа, жартылай ауыр, ауыр салмақтар бойынша өткізілді. Осы жарыстың республикалық біріншілікте салмақ дәрежесі бойынша Байдәулетов, Төлегенов, Макманов, ,Жұмабаев жеңіс тұғырына көтеріліп чемпион тәжін киді. 1952 жылы Ашхабад қаласында Орта Азия республикаларының Қазақстан бойынша өткен кезекті Спартакияданың программасына ұлттық күрестерде енді. Бұл жарыста класикалық күреске неғұрлым Нұрбай Жармағанбетов, Алмас Мұсабеков, Қанат Байшалов, Рахым Оспанов және басқалар ауылда өсіп, онда қазақша күрестің «бапкерлерінен» тәлім алған. Қазақстанда бірінші рет СССР спорт шебері атанған Қабден Байдосов еркін күрестен Орта Азия мен Қазақстан бойынша ең күшті палуан.
1981 жылы 10-14 шілде күндері Жезқезған қаласында қазақша күрестен ІІІ- бүкіл Қазақстандық жастар ойындарының программасындағы турнир болып өтті. Төрт күнге созылған жарыс ұлттық өнеріміздің бір түрі қазақша күрестен небір дүлдүл палуандарымыздың өсіп келе жатқандығын толық дәлелі болғандай. Әрине бұл жарысқа тек әр жылы республикамызда қазақша күрестен болып жатқан үлкенді –кішілі жарыстарды қоссақ, ұлттық өнеріміздің бұқаралық спорт түрінің біріне айналғанын аңғарғандаймыз. Мұндай ведмство аралық жарыс республикамызда тұіңғыш рет өткізіліп отыр. Бұл жарыстың тағы бір ерекшелігі бұған 1960-1963 жылдардың ралығындағы туған ең үздік жас палуандар ғана қатыса алды. Жарыс қызықты да, табысты өтті.
Осы ұлттық өнеріміздің дамуына өздерінің зор үлесін қосып жүрген, Қазақстанның әлде неше дүркін чемпионы Жұмажан Экенов, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушылары, СССР спрот шеберлері Марат Жақитов, Диханбай Биткозов, кезінде талай рет әлемді аузына қаратқан палуан Аманжол Бұғыбаев, СССР біріншілігінің чемпионы, самбодан халықаралық дәрежедегі спортшебері Алмас Мұсабеков, әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі СССР спорт шебері Қанат Байшолов сияқты белгілі маман, белгілі палуандарымызды көрермендер қатарында бұл жарыста болуы жас палуандар үшін үлкен сыи болды. Иа тағы бір ескертіп кететініміз, бұл жарысқа үздіктердің үздігі, күштілердің күштісі ғана қатысты. Шынында да, алмастың жүзіндей жарық –жарық жас өрендер көпшілікті өнерімен тәнті етті, күрес кілемі үстінде естен кетпес қызықты белдесулерге қарап отырып, қазақша күрестің тағыда алпыс айлалы өнер екендігіне көзіміз жетті. Сонымен төртінші күні әділ қазылар жеңімпаздарды атады. Командалық есепте «Қайрат» ерікті спорт қоғамы бірінші орынды жеңіп алды. «Қайрат»ерікті спорт қоғамының командасын бұл жарысқа, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушы, СССР спорт шебері Марат Жакитов пен оның шәкірті СССР біріншілігінің чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алмас Мұсабеков дайындағын болатын. Қалған жүлделі екі орынды «Еңбек» ерікті спорт қоғамы мен «Буревестник» студенттер қоғамы бөлісті.
Еңбек ерікті спорт қоғамның командасын бұл жарысқа дзю –до күресінің аға жаттықтырушысы, СССР спорт шебері Бауыржан Жаналин дайындады. «Буревестник» студенттер қоғамының командасын бұл жарысқа Қазақтың политехникалық институтының аға оқытушысы Нығмет Ордабаев физкультура және спорт комитеті Совет Одағының Батыры С.Жақсыгүловтың жүлдесі үшін қазақша күрестен республикалық турнир өткізіп отыруды бекітті. Бұл жарыс Каменка ауданы, Камаенка селосында алғаш рет өтті. 1977 жылы Ұлы Октябрь революциясының 60 жылдығы құрыметіне еліміздің астанасы Москвада әр республиканың күрес түрлерінен палуандар өнер көрсетті. Мұнда біздің республикамыздан Қазақтың физкультура институтының қазақша күрес бөлімінің студенттері Қазақ ССР –нің спорт шеберлері Байжан Абдуллаев пен Дәулет Байжігітов кілемге шықты. Мінекей, осы салтанатта қазақша күрес көрермендерге қатты ұнады, жоғары бағаланды. 1978 жылы Қызорда қаласында қазақша күрестен Қазақстан чемпионының біріншілігі өтті. Үш күнге созылған жарыстың қортындысында Қызылорда облысының командасы І-ші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орынды Алматы қаласы мен Жамбыл облысының командалары бөлісті. 1980 жылы Семей қаласында ҚАЗАҚ ССР- нің кубогы үшін жарыс болып өтті. Жарыс қортындысында Семей облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орынды Алматы қаласымен Жамбыл облысының командалары бөлісті. Мұнда республиканың абсалюттік чемпионы атағын Семей облысының құрама командасының мүшесі Казақ ССР-нің спорт шебері Х.Ысқақов жеңіп алды.
Москвада болып өткен мына бір көңіл аударарлық оқиға көңілден кетпейді. Қазақтың физкультура институтының 3 курс туденті Жақсылық Үшкемпіров қазақ жастары арасында тұңғыш рет олимпияда чемпионы қазақтың қаршығадай жігітінің класикалық күрестен жарық-жарық еткен қағлез қимылмен, өнерімен ешкімді де бет қаратпай, олимпияда чемпионы болу шынында да зор мерей, айта қаларлықтай қуаныш еді.
Мұндай жетістікрге жетуіңіздің сыры неде ?- деген журналистердің сауалына Жақсылық көп кідірмей: «Осындай биікке жеткізген айналайын қазақша күреске мың мәрте рақымет» деген болатын.
Рас-ау, қазақша күрес әрбір қазақтың ұлына жақында етене емеспе? Жоғарыда бұл аталмыш күресіміздің әлемдік аренада берік орын алған самбо мен класикалық күрестен аса айырмашылығы жоқ екенін айттық. Ендеше қай күрестің түрімен болса да, талай –талай чемпиондық тәжі киіп жатқан қазақ жігіттерінің есімдерін осы орайда тағы бір атап өткенді жөн көрдік. Өйткені олар Жақсылық тәрізді қаршадайынан айналысып келген қазақша күреске қарыздар екені даусыз.
Кезінде Француз күресінен талай халықаралық турнирлердің жеңіпазы атанған күш атасы Қажмұхан Мұңайтпасовты кім білмейді?! Еркін күрестен СССР –дің спорт шеберлері Қабден Байдосов, Абілсейт Айханов, Аманкелді Габсаттаров , Аманжол Бұғыбаев, Амантай Иманқұлов, Сайлау Мұхашев сондай –ақ самбодан СССР спорт шеберлері Е.Қалдыбеков, жақын болғандықтан біздің қазақша күрестің ережелері алынды. 1953-1954 жылдары қазақша күрестен өткізілген республикалық жарыстарда бұл ұлттық спорт өнеріміздің техникалық жағынан класикалық күреске жақындай түскеніне куә боламыз. 1955 жылы қазақша күрес бойынша тұңғыш ереже жарыққа шықты. Алғашқы жазбаша түрінде шыққан ереже кітапшаның авторы Мұзафар Рақымкулов. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күрес
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін күресшінің дене күш қабілетін арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Еркін жіне грек рим күресімен айналысатын спортшылардың төзімділік дайындығы
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Күресші студенттердің анаэробтық өндірісі деңгейінің тиімділігін дене мүмкіндігі негізінде арттыру
» Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Оқу жаттықтыру сабағында жас футболшылардың жылдамдық қаcиетін дамыту

Іздеп көріңіз:
дипломдык Қазақша күрестің дамуы және спортшының дайындығы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Қазақша күрестің дамуы және спортшының дайындығы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]