Өлең: Мөртай сұлу (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сенің ауылың Қордайдың жотасында,
Менің ауылым Қопаның қырқасында, Мөртай-ай!
Тал бойыңда тарыдай бір мнің жоқ,
Тоты құстай түрленіп тұрсың ба,Мөртай-ай!

Қайырмасы:
Қызылқайнар, Шөлқайың,
Су ағады сай сайын.
Сен сағынсаң ай сайын,
Мен сағынам күн сайын.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Топ шеңгел (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де он бесте, құрбым-ау, мен де он бесте,
Екі он бесте қосылса тең келмес пе.
Қалқатайдың бергені жарты мейіз,
Бөліп жесек екеуміз олжа емес пе.

Есік алды топ шеңгел,
Топ шеңгелге келсең кел.
Топ шеңгелге келуге,
Өзіңе өзің сенсең кел. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Туған жер (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ата-анам, ақ батаңды аттап кеттім,
Тентек ел талқысына тастап кеттім.
Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,
Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.
Қарғама, жалғызыңды-ай!

Туған ел, амандасам жас-кәріңе,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Сұржекей (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенім дәйім менің сұржекейім,
Бүлкілдер әнге салсам көмекейім.
Кіші – іні, үлкен аға бас қосқанда,
Алдында сұржекеймен бір кетейін.

Етікті әуел бастан нәл сақтайды,
Бәйгеде еркін жүйрік алшақтайды.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қисаның әні (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өленің сен де сусар, мен де сусар,
Үйірі көк аланың көлде жусар.
Алладын тілегенім осы еді,
Тағдырдан айналайын қылған душар.

Баласы мен Көпжанның атым Қиса,
Жел сөзді мен айтайын тілге сиса.
Үйінде бұл Шаутаның қоңыр қызы,
Беріп кет, сақинаңды көңілің Қиса.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жарым-айдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жемәс.
Жел тимесе,күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.

Қайырмасы:
Өрік,мейіз,қант пен шай,
Алма мойын ақ бидай,
Жарым-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу,қалқатай-сәулетай.....
Өлеңдер
Толық
0 0