Өлең: Іңкәрім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бұл өмірде сен маған серік едің
Құрбан етіп антыңды беріп едің
Көңіліме көктемдей көрік едің
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай

Қайырмасы:
Мені сағындыңба
Жүрмін жалың мұнда
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай
Мені сағындыңба
Жүрмін жалың мұнда
Іңкәрім-ай іңкәрім, іңкәрім-ай....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Іңкәр-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ер тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.

Тәуекелге беліңді бек байлайсың,
Ер жігіттің арымас арғымағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Маусымжан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біреу күлсе жалғанда Маусым күлсін,
Күн нұрындай күлімдеп Маусым жүрсін.

[Қайырмасы]
Маусымжан, Маусымжан,
Танимын, қалқам, даусыңнан.

Еркетайы ауылымның - маусым алтын,
Тең құрбысы сағынып айтып жүрсін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Шіркін, әннің бұлбұлы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен де мендей, ей құрбым, мен де сендей,
Неге селкеу тартасың көрмегендей, сәулем-ай.
Бір ауылдың сыйласқан баласы едік,
Еш нәрсе алып, еш нәрсе бермегендей, сәулем-ай.

[Қайырмасы]
Шіркін, әннің бұлбұлы-ай.
Өтеді дәурен бір күн-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Тәтті мұң (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жанымның аңсары, асыл айым
Жүрегімнің өрті сен
Сағындым несіне жасырайын
Ғашықтықтың дерті сен

Шуақ төккен жаным өзіңнен көңілге
Нұр болып сәуле себілген
Бір өзің, бір өзіңді сүйдім өмірде....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жаз болса (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жаз болса жердің жүзі жайнап тұрған,
Ән шырқап бұлбұл құстар сайрап тұрған.
Болғанда қырық күн шілде, сарша тамыз,
Ыстық боп жердің жүзі қайнап тұрған.

Әй, айым,күнім-ай,
Айхай, жаздың күні майдай-ай!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Он алты қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Астыма мінген атым генадушка,
Шабамын көңіл ашып немножка.
Не стоит на свете жить етуге,
Азырақ ойнап-күлмей, молодушка.

[Қайырмасы]
Зұлқия-ай, Ұрқия-ай,
Қатира-ай, Сағира-ай,
Күлзира-ай, Назира-ай,
Нағима-ай, Бәтима-ай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жалғыз арша (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарқаралы басында жалғыз арша,
Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша.
Кішкенеден бірге өскен сәулем едің,
Өмірің аз ба, көп пе, әлде қанша?

Қайырмасы:
Өтті жалған,
кештім сайран.
Уа,шіркін, бозбала!
Жастықтың әсерімен
Еттім сайран.....
Өлеңдер
Толық
0 0