Құттықтау - тілек: Туған күн (Әпкеме, апама)

Құттықтау - тілек: Туған күн (Әпкеме, апама)

Өзінен кіші бауырларына мейірін төгіп, мерейін өсіруге барын салған, бізді әлпештеп, аялы алақанына салып өсірген қадірлі, әз әпкемізді туған күнімен құттықтаймыз!
Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз – бүгінде бес баланың анасы.
Бойынан Домалақ ананың әулиелігі, Айғанымның кемеңгерлігі, Зеренің парасаты, Бопайдың батырлығы, Айша Бибінің адалдығы, аттары алты алашқа танымал қазақтың аруларының асыл қасиеттері табылатын әпкемізге ұл-қыздарыңыздың рахатын жездемізбен бірге көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.

Өмірінде күйбең тірлігін ойламай
Ағайынның бірлігін ойлайтын,
Мал-мүлік, дүние жинамай
Достың сырын тыңдайтын.
Дастарханы жиылмайтын,
Көк шәйнегі суымайтын,
Шаңырағынан немерелердің
Сыңғыры, шуы тыйылмайтын,
Әпкеміздің туған күні құтты болсын!

Төбемізден төге бермес шуақты,
Тағдыр шіркін қатыгездеу болса да.
Жаны жайсаң асыл әпкем сияқты,
Жақсы адамдар тіршілікте қаншама!

Ардақты Әпке!

Қуанышыңыз құтты болсын! мықты денсаулық, ұзақ өмір, мол бақыт тілеймін.

Айтқанда туған жерді дір етпес кім,
Жаралған топырақ – бір, жүректесің:
.................... өңірінің төлі ғой деп,
Әрдайым сыртыңыздан тілектеспін.

Жаның сұлу үйлескен – тылсым делік,
Жемісіңді еліңе жүрсің беріп.
Қазағымның бақ қонған қызы едің,
Мақтанамын киелі бір шың көріп!

Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті

Әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз!

Жан Әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым,
Шыққандай жанарыңнан жадырап күн.
Ең алғаш сен туып, қуантыпсың
Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.

Естияр боп тірлікте баянды кем,
Еркелетіп бәрімізді аялап ең.
Жарың кетті бақиға, сен қамықпа,
Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең.

Балаларың – мәңгілік қуанышың.
Ұстаздық бақытың бар – жұбанышың.
Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз.
Нағыз алтын жарқырап тұрады шын!

Көрсетіп жанашырлық жиып көшін,
Бауырлық сезімімді иіткенсің...
інімнің мәртебесін биіктеттің,
Сіздің де мәртебеңіз биіктесін!

Даланың сияқтанған дара дүзі,
Жақсының бұл өмірде қалады ізі...
Есімің жүреді іні ізетінде,
Қазақтың қарапайым қара қызы!
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Туған күнге Қазақша Құттықтау Тілектер жинағы, Туган кунге казакша Куттыктау Тилектер жинагы, Туған күн әпке Қазақша Құттықтау Тілек, Туган кун апке жас казакша куттыктау тилек, апкеме тилек туган кунге, туған күнге тілек апама, туылған күнге тілек апкеме, туған күнге тілек әпкеме, әпкеме құттықтау тілек туған күнге, Туган кун апке жас казакша куттыктау тилек, туган кунге тилек апкеме 30 40 50 60 жас, апама туган кунге тилек

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]