Құттықтау - тілек: Туған күн (бауырыма)

Құттықтау - тілек: Туған күн (бауырыма)

Бүгін сенің туылған күнің - төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз. Егер қып - қызыл шоққа май тамызсаң лапылдап жанады, ал су тамызсаң бықсып сөнеді. Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенін өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!

Өмір мынау қатар соққан жеңілімен ауырын, шуағымен дауылын.
Бүгін мынау сенің туған күнінде, қандай тілек айтсам екен бауырым.
Саған, байлық тілер ем, бірақ ол бір әнгүдік, есігіңнен кіргенмен таң күліп
Жүргенімен шеру тартып таң құрып ,саған жолдас болмайды ол мәңгілік.
Бәлкім, ерлік тілер ем мен тамыр алған төзіммен,ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен.

…..,
сені туған күнімен құттықтаймын! Өмірде бақытты бол! Қызметіңде табысты болуыңа тілектеспін! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілеймін. Махаббатың мөлдір, аспаның әрдайым ашық болсын! Еңбекте табыстан табысқа жете беруіңе шын жүректен тілектеспін. Алдағы мақсатың мен аңсаған арманыңа жете бер! Жыл сайын ағайын туыс бауырлар жиналып, сенің туған күніңді тойлай беруге жазсын!

Жасұлан мен Әлішердің туған күні
қасиетті мынау бүгін жұма күні,
ғұмырлары ұзақ болып бауырлардың
құтты болсын қуанышты шаттық күні.

Міне қазір қос туған күн бүгінде
бауырларым келіп қапты өмірге,
Жасұлан мен Әлішерді бәріміз
құттықтаймыз қуанып біз бұл күнде.

Өмірлері ұзақ болсын бауырлардың
ешқашанда сырқаттанып ауырмасын,
денсаулығы мықты болып екеуінің
бұл өмірде әрқашанда жолы болсын.

Қос бауырым қанаттарын талмасын
абыройың көкке тағы самғасын,
мектебіңмен жұмыстарың оң болып
Аллам өзі бір сендерді сақтасын.

Інілерім қуанышты жүріңдер
мұңаймандар әрқашанда күліңдер,
жақсы жақтан көрсетіп өздеріңді
атанаңды қуантып ол жүріңдер.

Жасұландай бауырым жүр Астанада
жанұясы бәрі бірге бас қалада,
атқарып жүр жұмысын жауаппенен
бәрі жақсы болады Алла қосса.

Әлішердей бауырым жүр сабағында
мектебінде шулатып жүр бұзық бала,
Атасының бұзығы ғой еркелеткен
қуантып жүр бәрімізді өзі ғана.

Бауырларды құттықтаймыз бәріміз
қуанамыз үлкен кіші кәріміз,
Еркебұлан кешке соғам үйіңе
бір сауытты дайын алып қойыңыз!!!
Ізгі тілекпен ағаларың
Ерік Еренғазыұлы
09.11.2018.ж.

Серік Ибрагимов & Елдос Сметов - Жаным, бауырым

Роза Әлқожа - Менің бауырым (аудио)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
туған күн бауырыма тілек, мұхтар шаханов, туған күнге тілек бауырыма, туган кунге тилек бауырыма, туган кунге тилектер бауырыма, туған күнге тілек бауырға, туған күнге арналған тілектер бауырыма, туган кунге арналган тилектер бауырыма, туған күніңмен бауырым, туған күнге тілектер бауырыма, туған күнге құттықтау бауырыма, туган кунге куттыктау бауырыма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]